Адалдық символы: Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары ерекше шыңға шықты

1089
Фотосурет: Gov

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында және Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Қазақстан ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңын бағындырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шыңға көтерілудің маңызды сәті «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен тақырыптық туды биіктікте желбірету болды. Бұл іс-шараның мақсаты азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және азаматтық қорғау органдарының беделін нығайту болды.

Іс-шараға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Қазавиақұтқару және ТЖМ Қазселденқорғау филиалдарының қызметкерлері қатысты.

«Бұл өрмелеу тек физикалық сынақ емес, бұл біздің кез – келген жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығымыз бен ісімізге бірілгендіміздің белгісі», – деп альпинизмге қатысушылардың бірі, жасақтың құтқару бөлімінің басшысы Вадим Пак атап өтті.

Бұл оқиға төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейтін барлық құрылымдардың бірлігі мен кәсібилігін бейнелейді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық қорғаныстың маңыздылығын еске салады.

«Біз өз кәсібімізді және ең қиын жағдайларда адамдарға көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығын асыра бағалау қиын, бүгін біз оны нығайтуға тағы бір қадам жасадық», - деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әлішер Тутешев.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -