Павлодарда ұландықтар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ашық есік күнін ұйымдастырды

2211
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6679 әскери бөлімі Павлодар қаласындағы «Жас ұрпақ» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ашық есік күнін  ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шара  мақсаты -  жасөспірімдерді  патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру. Халықаралық балалар күні қарсаңында  ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар үшін  әскери бөлімнің саптың алаңында  заманауи үлгідегі  қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын  көрме  ұсынды. Көрмеге  қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де  ие болды.  Шараға қолдау көрсеткен «Amanat» партиясының өкілдері балаларға естелік сыйлықтар табыстап, қуанышқа ортақтасты.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Катерина Павлованы қызықтырған броньді кеудеше. Ол аталмыш арнайы қорғаныс костюмін киіп, өзін бір сәтке минасыздандыру саласының маманы ретінде сезініп көрді. Жас өрім күні ертең ел шекарасын күзеткісі келетіндігін де жасырмай баян етті. Тәрбиеленушілер ашық есік күні аясында казармадағы үй-жайларды аралап, әскери асхананы тамашалады. Ауқаттану нысанында олар сарбаздарға арналған ас мәзірімен танысты. 

"«Ашық есік»  күні халықаралық балалар күні мерекесіне  арналады. Себебі мерейлі мереке жыл көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуі тиіс. Балаларға арналған мерекеден ата-ананың ыстық құшағына еніп көрмеген балалардың назардан тыс қалуы әлбетте қисынсыз. Тағылымды шара аясында оқушыларға әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери - патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады"  6679 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімше бастығы капитан Асхат Байдраков

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -