Алматыда жоғары оқу орындарының еліміздің әскери-экономикалық әлеуетін нығайтудағы рөлі талқыланды

1166
Фотосурет: Gov

«Нархоз университет» КЕАҚ әскери кафедрасының базасында түраралық ғылыми-практикалық конференция өтт, деп хабарлайды DKnews.kz.

Онда еліміздің әскери-экономикалық әлеуетін қалыптастырудағы жоғары оқу орындары мен әскери кафедралардың рөлі талқыланды.

Іс-шара ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы полковник Арман Мансұровтың басшылығымен өтті. Оған әскери оқу орындарының басшылары, Нархоз университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының орынбасарлары, Қарулы күштердің тыл бойынша әскери бөлімдерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың командирлері қатысты.

Сарапшылар тыл басқармасы мен тылдық қамтамасыз ету қызметтері мамандарының кәсіби құзыретін жан-жақты дамыту мәселелерін талқылады. Роботтандырылған кешендер мен жасанды интеллект элементтерін тыл жүйесіне енгізуге бағытталған жоғары оқу орындары, университет кафедралары мен қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары жанындағы Қарулы күштердің оқу құрылымдарының ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Конференцияға қатысушылар тылдық қамтамасыз ету қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру ісіндегі технологиялардың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта жұмыс кездесулерін өткізуді және саланың жетекші мамандары арасында тәжірибе алмасуды көздейтін іс-шаралар жоспары белгіленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -