Ұлттық ұлан спортшысы муай-тайдан ел чемпионатының жүлдегері атанды

1397
Фотосурет: Ұлттық ұлан

20-24 ақпан аралығында Петропавл қаласында муай-тайдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар жиналып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тартысты бәсекеде 91 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Али Нәсіпқалиев жүлделі екінші орынға ие болды.

«Бұл жеңіс мен үшін үлкен маңызға ие. Чемпионатқа дайындық кезінде көп еңбек сіңірдім, көптеген қиындықтарды жеңіп, өзімді көрсетуге тырыстым. Бірақ осы жолы бірінші орынға қол жеткізе алмадым. Дегенмен, бұл мені одан әрі дамып, жаңа шыңдарға жетуге шабыттандырады. Мен алдағы уақытта өз елімнің, Ұлттық ұланның намысын қорғап, жеңіске жетуге тырысамын» Али Нәсіпқалиев

Бұл нәтиже ұландықтардың  қызметпен қатар спортта да зор жетістіктерге қол жеткізіп жүргенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -