Қызылорда облысында қорғаныс дамбасы қайта қалпына келтірілді

1452
Фотосурет: Gov

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, нығайту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші трансшекаралық Сырдария өзені арқылы су жинап жатыр.

Сонымен қатар, жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында магистральді және шаруашылық каналдармен су беріліп жатыр.

Сырдария өзені мен су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты, күнделікті бақылауға алынған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -