Семейлік әскерилер қазақ күресінен жеңімпаз атанды

1452
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты жеті әскери  бөлім  қазақша күрестен  кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Семей қаласында өткен сайыста  алты салмақ дәрежесінде  бақ сынаған  балуандар Павлодар, Өскемен, Курчатов және Семей  қаласындағы әскери бөлімдердің намысын қорғап, боз кілемде аянып қалмады.

Ұлттық спорт түрлерін  насихаттау  шараның басты мақсаты. Қазақша күрес жауынгерлердің төзімділігін арттырып, шапшаңдығы мен ептілігін үдете түседі. Сондай-ақ тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын спортың ұландықтар үшін маңызы зор. Сондықтан сайысқа әрбір әскери бөлімнің қатысушысы қызу дайындықпен келген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы   майор  Нұрсұлтан Мырзабеков

Жарыстың құрметті қонақтары ретінде «Қазақстан барысы – 2024» турнирінің жеңімпазы, балуан Ерасыл Қажыбаев  қатысты. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 5511 әскери бөлімі жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, дипломдар, медальмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне қатысқае «Шығыс» өңірлік қолбасшылық қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев әскери спортшыларға жылы лебізін жолдап, ұлттық спортқа бет бұрғандарға қошемет танытты.  Сайыста үздік өнер көрсеткен ойыншылар өзара  іріктеліп сәуір айында Семей қаласында өтетін Ұлттық ұлан жауынгерлері арасындағы  чемпионатта  бақ сынайды.  Олар дүбірлі додада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғамақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -