Ішкі нарық үшін газ: ҚГӨЗ қандай перспективалар ашады

1276
Фотосурет: Gov

ҚР Энергетика министрлігінде қуаттылығы жылына 4 млрд м³ газ өндіретін Қарашығанақ газ өңдеу зауытының (КГӨЗ) құрылысы жобасы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (КПО) және Hyundai Engineering Co Ltd. компанияларының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге қатысушылар жобаның негізгі кезеңдерін, соның ішінде инжиниринг, сатып алу және құрылыс (EPC) бойынша бас мердігер қызметін атқаратын Hyundai Engineering компаниясымен жұмысты талқылады.

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның Қарашығанақ кенішін игеруге үлкен мән беретініне тоқталып, зауыт құрылысын уақытылы аяқтау үшін мердігерлермен тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Қарашығанақта жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы кеніштің өзін ғана емес, еліміздің барлық газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызды қадам болып табылады. Біз газ өңдеуді айтарлықтай арттырып, ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ете аламыз. Бұл шынымен де ауқымды жоба, оның сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз!» - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Тараптар жобаны уақтылы жүзеге асыруға өз міндеттемелерін растады және 2025 жылға дейін Қорытынды инвестициялық шешімді (FID) қабылдау жоспарланып отырғанын атады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -