Астанада жол ережесін бұзбайтын жүргізушілер марапатталуда: үздіктер қатарына қалай қосылуға болады?

1991
Фотосурет: Sergek Group

Астанада бір жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзбаған жүргізушілер марапатталды. Өткен жылдың ақпан айынан бастап елорда жолдарында 300 мыңға жуық бірегей көлік құралы қозғалды, олардың шамамен 30%-ы осы кезең ішінде бірде-бір бұзушылық жасамаған. Мұндай талдау жүргізу мүмкіндігі Sergek ITS интеллектуалды көлік жүйесінің көмегімен жүзеге асты. Тізімге енген және ең жоғары жүріс қашықтығы бар жүргізушілер «Freedom Insurance» АҚ сақтандыру компаниясынан бір жылға арналған КАСКО сақтандыру полисінің сертификатын алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мұса Ибрагимовтың айтуынша, 18 жасынан бері көлік тізгіндеп, әрдайым жол ережесін сақтауға тырысады.

«Көлік жүргізіп жүргеніме 7 жыл болды. Жол ережесін бұзбауды маған ағам Саид үйреткен, оған алғысым шексіз. Қалада рейд жүріп жатқанын естігенмін, сондықтан мені тоқтатқанда еш алаңдамадым. Соңғы екі жылда жолда көп уақыт өткізетініме қарамастан, бірде-бір рет жол ережесін бұзып, айыппұл алған емеспін» Мұса Ибрагимов

Полиция өкілдері бұл науқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі жариялаған «Профилактика жылы» және елдегі құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» апталығы аясында өтіп жатқанын атап өтті. 

«Біз құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру үшін үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Біздің мақсатымыз – жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуына жол бермеу арқылы жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дегенмен, күнделікті жол қозғалысын бақылау барысында біз тек ережені бұзғандарды жауапкершілікке тартып қана қоймай, заңға бағынатын жүргізушілерді де ынталандырамыз. Мұндай марапаттау акциялары өзге жүргізушілер үшін де қауіпсіз және апатсыз жүруге ынталандыру болатынына сенімдіміз. Сонымен қатар, осындай іс-шараларды бүкіл ел бойынша өткізуді жоспарлап отырмыз» ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Актоты Боранова 

Бұған дейін Sergek Group компаниясының СЕО-сы Евгений Ким жүргізушілерді қауіпсіз әрі тәртіпті жүргізгені үшін ынталандыру жүйесін енгізуді ұсынған болатын. Оның айтуынша, жол қозғалысы мәдениетін тек жазалау арқылы емес, марапаттау арқылы да дамыту қажет.

«2025 жыл полицияда құқық бұзушылықтың алдын алу жылы болып жарияланды. Осыған орай, біз жол ережелерін қатаң сақтап, өз өмірі мен өзгенің өмірін қауіпке тікпейтін жүргізушілерге аз да болса марапат ұйымдастыруды ұсындық. Мұндай жүргізушілер аз емес. Мәселен, Sergek ITS жүйесінің деректері бойынша, күн сайын Астана көшелеріне 284 мыңнан астам көлік шығады, олардың ішінде 77 мың жүргізуші соңғы бір жылда ережені бұзбаған. Біз марапаттау үшін ең көп қашықтық жүріп өткен 10 көлікті іріктеп алдық. Науқанның серіктесі – Freedom Insurance сақтандыру компаниясына біздің бастамамызға жауап беріп, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз»  Евгений Ким 

Сонымен қатар, ол Германия, Сингапур, Канада сияқты елдерде жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жүргізушілерге арналған ынталандыру жүйесі сәтті жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, жол апаттарының алдын алу үшін тиімді халықаралық тәжірибені қолдану қажет.

Астанадағы бұл акция Freedom Insurance сақтандыру компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Компания жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған осындай бастамаларды әрдайым қолдайды және жүргізушілердің жауапкершілігін көтеру үшін түрлі жобаларға атсалысып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -