Сержант Данияр Каббасов Ұлттық ұланның 3514 әскери бөлімінде қарауыл бастығы болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Курчатов қаласындағы мемлекет үшін аса маңызды мекемелерді күзететін әскери бөлімде жиырма жылға жуық жауынгерлік қызметте қойылған тапсырманы дер кезінде орындап, абыройына қылау түсірмеген, деп хабарлайды DKnews.kz.
Таяуда әскери бөлімге Данияр Қанатұлының баласы Әлішер Қанатов Отан алдындағы борышын атқаруға келді. Сержант Каббасовтың ұлы мерзімдік қызметін аяқтағаннан әке жолын қуып, Ұлттық ұлан қатарына қосылмақ.
"Менің жалғыз ұлымның жауынгерге айналып, Отан алдындағы борышын атқару үстінде. Ер жеткен баламның шыныққан шымыр азаматқа айналып, сырықтай сарбаз болғанына куәгер боламын деп ойламаппын. Әскери бөлімде мені баламмен қауыштырған Ұлттық ұланға айтар алғысым шексіз" Сержант Данияр Каббасов
Жарты ғасырға жуық тарихы бар әскери бөлімнің қабырғасы 1978 жылдың 28 қазанында қаланған. Құқықтық тәртіп әскерінің құрылымы 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының барлық нысандарын күзетке алады. Әскери бөлімде мерзімді қызметтің сарбаздары үшін 90 орынға арналған жаңа казарма бой көтерген.