Астанада режиссер Азиз Заировтың рухына тағзым етті

3146
Фотосурет: Gov

Астана қаласындағы OzgeEpic креативті хабында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі отандық режиссер, «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы авторларының бірі әрі продюсері Әзиз Заировты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған трилогияға «Болу ма, жоқ па?», «Қыз бен теңіз» және «Анашым, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмалары енген.

Әзиз Зайровты еске алуға режиссердің достары мен жақындары, оның шығармашылымен таныс барша қауым, сондай-ақ танымал трилогияның түсірілім тобы келді.

Әзиз Заиров 2014 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша жұмысты Мұхамет Мамырбековпен бірге «Болу ма, жоқ па?» фильмінен бастаған. 2019 жылы трилогияның екінші бөлімі – «Қыз бен теңіз» көрерменге жол тартты. Ал соңғы бөлімі «Анашым, мен тірімін!» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп, 2024 жылы жарық көрді. Сол жылы Әзиз Заиров өмірден өтті.

Оның фильмдерінде басты рөлдерді мүгедектігі бар адамдар сомдады. Әзиз Заировтың өзі де арбаға таңылған. Ол қоғамда инклюзивтілікті дамытуды мақсат етті. «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы көптеген халықаралық марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ режиссерді еске алу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Болу ма, жоқ па?» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.

Әзиз Заиров Евразия Шығармашылық Гильдиясының «Eurasian Creative Guild» мүшесі, «Асау-Ат» Қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, белсенді волонтер, онкологиялық науқас балалар мен ересектерге қолдау көрсететін «Амила» қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі және «Азияның шығармашылық богемасы» қауымдастығының резиденті болған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -