Xiaomi 15 Қазақстанда: шығу күні, бағасы, сипаттамалары және шолу

Xiaomi фотосурет өнерін әлемдік нарықта биік шыңға шығаратын Xiaomi 15 Сериясын ұсынады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанда сатылымның басталуы 2025 жылғы 3 наурызға жоспарланған.

Xiaomi Барселона қаласында өткен іс-шарада Xiaomi 15 Сериясы смартфондарының жаңа флагмандық желісін ресми түрде таныстырды. Бұл құрылғылар кәсіби мобильді фотосуреттің ең жоғары шешімдері ретінде, сондай-ақ Leica Summilux оптикасының арқасында бүкіл әлемдегі пайдаланушылар кез-келген жағдайда керемет фотосуреттер мен видеолар түсіруге мүмкіндік алады.

Жаңартылған Xiaomi HyperOS 2 операциялық жүйесімен жабдықталған Xiaomi 15 Сериясы пайдаланушыларға мобильді құрылғылардың келесі буынында бұрын-соңды болмаған бірқалыпты жұмысын ұсынып қана қоймай, өнімділіктің, қосылудың және жасанды интеллекттің озық мүмкіндіктерін ұсынады.

Xiaomi 15 Сериясымен бірге бірқатар басқа жаңа өнімдерін ұсынды, оның ішінде Xiaomi Xiaomi Pad 7, Xiaomi Pad 7 Pro, Xiaomi Buds 5 Pro, Xiaomi Buds 5 Pro (Wi-Fi), Xiaomi Watch S4 және Xiaomi Smart Band 9 Pro-ның жаңа түсі.

Xiaomi 15 Ultra: Фотосурет өнерінің биік шыңы және әсерлі визуалды мүмкіндіктер

Камералардың шабыт алған Xiaomi 15 Ultra-ның жоғары сапалы құрылымы сәнді әрі әсем сыртқы дизайнмен үйлестірілген. Смартфон үш стильді нұсқада қолжетімді – Қара, Ақ және Күміс Хром, олардың әрқайсысы беріктік пен талғампаздықты біріктіреді. Күміс Хром моделінде корпустың беріктігін күшейтетін аэроғарыштық класындағы шыны талшық пен жасанды былғары (PU) қисыны пайдаланылады. PU былғарыдан жасалған әрлеу және бағдарламалық жасақтамасымен винтажды стилистика камераның әйгілі дизайнын еске түсіретін классика ерекшеліктерін көрсетеді.

Xiaomi 15 Ultra-да WQHD+ (3200×1440) ажыратымдылығы және 522 ppi тығыздығы бар керемет 6,73 дюймдік AMOLED дисплейі орнатылған, 3200 нитке дейін жоғары жарықтық бар. Бұл жарқын күн сәулесінде және әлсіз жарықта айқын бейнені қамтамасыз етеді. 1Hz Always-active Display функциясы әрқашан маңызды ақпаратты (уақытты, күнді, хабарламаларды) көрсетеді, көп қуат жұмсамайды. Қауіпсіздік пен ыңғайлылыққа жаңартылған ультрадыбыстық саусақ ізі сканері жауап береді, ол тіпті дымқыл немесе кір саусақтармен құрылғыны бұғаттан тез шығаруға мүмкіндік береді, әрі әлсіз жарықта тұрақты жұмыс істейді.

Құрылымның сенімділігі Xiaomi 15 Ultra философиясының негізінде жатыр. Құрылғы Xiaomi Guardian Structure жетілдірілген технологиясымен, оның ішінде құлауға төзімділікті 16 есеге дейін қамтамасыз ететін Xiaomi Shield Glass 2.0-мен, сондай-ақ Сандық бағдарламалық басқару (СББ) - өңдеу (CNC) әдісімен жасалған беріктігі жоғары алюминий жақтаумен жабдықталған. Камералар блогын қорғау үшін соққылар мен сызаттарға төзімділігі жоғары Corning® Gorilla® Glass 7i әйнегі қолданылады.

Шығармашылық салада кәсіпқойларға және мобильді фотосуретті келесі деңгейге көтергісі келетіндерге арналған Xiaomi 15 Ultra классикалық камералар деңгейінде оптикалық зумымен 14 мм-ден 200 мм-ге дейінгі диапазондағы барлық фокустық қашықтықтарды қамтиды. Оптикалық схеманың негізінде - Leica Summilux объективі мен 8P асфералық линзасы бар негізгі камера шағылысуға қарсы жабынмен (AR) толықтырылған, бұл барынша таза кескінге кепілдік береді.

Xiaomi 15 Ultra камералар жүйесінің негізгі элементі - фокустық қашықтығы 23 мм және 50 Мп Sony Lyt-900 кескін датчигі бар 1 дюймдік Leica негізгі камерасы, бұл ерекше егжей-тегжейлі бөлшектер мен түсірілімдер сапасын қамтамасыз етеді. Leica Summilux оптикасымен үйлескен камерада ƒ/1.63 кең диафрагмасы, 23 мм, 28 мм және 35 мм айнымалы фокустық қашықтығы, сондай-ақ 14EV динамикалық диапазоны бар, бұл тіпті жарық төмен болған жағдайда да, түнде де шынайы және жарқын фотосуреттер түсіруге мүмкіндік береді.

Портрет және көше түсіріліміне арналған 70-мм Leica жылжымалы телефото объективі перспективаның табиғи берілуін және жұмсақ, көзге жағымды портреттерді қамтамасыз ететін алты фокустық қашықтықта жұмыс істейді. Оның үлкен сенсоры макро түсірілімдерге де жарайды, пайдаланушыларға күрделі бөлшектерді небәрі 10 см қашықтықта түсіруге мүмкіндік береді. Индустрияда бірегей 200 Мп Leica 100-мм телефото объективі сенсор ішіндегі зум технологиясының арқасында 200 мм-ге дейін ұлғайтылған 100 мм фокустық қашықтықтағы объектілерді оңай түсіруге мүмкіндік береді. Диафраграммасы ƒ/2.6 1/1.4" үлкен матрица Xiaomi 14 Ultra-мен салыстырғанда 136%-ға көбірек жарық өткізеді. Төрт камералы жүйені пейзаждық фотосуреттер мен топтық түсірілімдерге кең мүмкіндіктерді 14-мм Leica аса кең бұрышты объективі ашады .

Сонымен қатар Xiaomi 15 Ultra пайдаланушыларға 4K бейнені секундына 120 кадр жылдамдықпен түсіруге қабілетті негізгі және перископтық телефото камерасының көмегімен ерекше кинематографиялық баяу қозғалыстағы бейне түсірілімді тамашалауға мүмкіндік беретін бейне түсірілім саласында деңгейді көтереді. Негізгі камерада OIS (оптикалық тұрақтандыру) және EIS (электронды тұрақтандыру) болуы шайқалуды айтарлықтай азайтып, тіпті қиын жағдайларда да кәсіби бейне деңгейін қамтамасыз етеді. Әсерлі видео түсіру мүмкіндіктерінен басқа, Xiaomi 15 Ultra Dolby Vision® видео жазбасын 4K ажыратымдылықта 60 кадр/с және барлық фокустық қашықтықта 10-биттік Log режимін қолдайды. Android's first ACES Product Partner кәсіби деңгейдегі түстердің берілуін және видеоматериалдардың кинематографиялық сапасына кепілдік береді. Төрт микрофоннан тұратын жиынтық (4-Mic array) көп өлшемді аудио жазбаны қамтамасыз етеді: бар бағытты, алға бағытталған, артқа бағытталған және траектория ескерілген. Бұл аспаптардың барлығы видео өндірісіне шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беретін сапалы видео өңдеу және түстерді түзету үшін жағдай жасайды.

Xiaomi 15 Ultra-мен қатар Xiaomi 15 Ultra Photography Kit Legend Edition эксклюзивті нұсқасы ұсынылды, ол фотосурет әуесқойларға бағытталған. Жинаққа объектив айналасындағы ашық қызыл сақина, Fastshot жылдам түсіру режиміндегі арнайы пайдаланушы интерфейсі, алынбалы бас бармақ тірегі және ысырма түймесі, сүзгі астындағы көп функциялы адаптер (67 мм), сондай-ақ аккумулятордың ұзақ автономды жұмысына арналған 2000 мАсағ аккумулятор кіреді.

Xiaomi 15: Флагмандық деңгей

Xiaomi 15 Қара, Ақ және Жасыл түстерде қолжетімді. Жанартауға ұқсас камерасының біріктірілген дизайны құрылғыға тұтастық пен беріктікті береді, ал микрогофрленген алюминий жақтау беріктікті 33%-ға арттырады. Экран өлшемінің корпусқа керемет (94%) және LIPO технологиясы есебінен қол жеткізген ультра жұқа жақтаулар (барлығы 1,38 мм) кеңістікті барынша тиімді пайдалануға көмектеседі.

Xiaomi 15 камерасы – бұл 14 мм-ден бастап 120 мм-ге дейінгі фокустық қашықтықта суреттердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін үш объективтен тұратын көп функциялы жүйе. Leica Summilux оптикасы бар негізгі камера жарық өткізгіштігі жоғары, шағылысуға қарсы жабыны бар және диафраграммасы ƒ/1.627P асфералық линзаны алды, бұл күрделі жарық жағдайларында да тамаша егжей-тегжейлі бөлшектер мен айқындылықты береді. Кең динамикалық диапазоны бар Light Fusion 900 датчигінің арқасында негізгі камера 23 мм, 28 мм және 35 мм негізгі фокустық қашықтықты қамтиды. Суретке үлкейтіп түсіру үшін Xiaomi 15-те 60 мм 50 Мп Leica жылжымалы телефото камерасы қарастырылған, ол қашықтағы нысандардың ұсақ бөлшектерін қамтуға және макроны шамамен 10 см қашықтықта түсіруге қабілетті. Бұдан басқа 14 мм кең бұрышты 50 Мп Leica камерасы ƒ/2.2 үлкен диафрагмасымен шолу бұрышы кең тиімді түсірілімдер үшін жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашады.

Fastshot – көшеде лезде суретке түсіріп алудың арнайы режимі – барлық фокустық қашықтықта 0,6 с жылдамдықпен жұмыс істейді, бұл әр әсерлі сәтті түсіруге мүмкіндік береді. Xiaomi видеография шебері пайдаланушыларға студиядағы видео түсіру мүмкіндіктерін береді: негізгі камера 30 кадр/с кезінде 8K және барлық фокустық қашықтықта 60 кадр/с кезінде 4K-да Dolby Vision® жазбаларын қолдайды. Төрт микрофоннан тұратын жүйе шынымен кинематографиялық нәтиже алуда көлемді аудиожазба жасауға ықпал етеді.

Xiaomi 15 ажыратымдылығы 2670×1200 және тығыздығы 460 ppi 6,36 дюймдік CrystalRes AMOLED дисплейімен жабдықталған. 3200 нитке дейінгі ең жоғары жарықтық сурет жарықтығының орташа деңгейі 25% болғанда күндізгі жарық сәуледе де айқын көрініс береді. Xiaomi әзірлеген арнайы M9 панелі қуат тұтынуды 10%-ға азайтып,⁵ қанық түстер мен оңтайландырылған тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұдан басқа Xiaomi 15 көгілдір сәулеленудің төмен деңгейі, жыпылықтамау және жарықтың барлық деңгейлерінде тұрақты тоқты диммирлеуді қолданумен циркадты қолдау қағидаттарына сәйкес келу бойынша TÜV Rheinland сертификаты бар, – бұл ұзақ уақыт қолданғанда көзге жайлылық береді.

Xiaomi 15 сериясындағы ең жоғары өнімділік

Xiaomi 15 сериясы озық аппараттық платформа, заманауи салқындату және жетілдірілген аккумулятор есебінен пайдаланушы тәжірибесін жаңа деңгейге шығарады.

Екі смартфон да – Xiaomi 15 және Xiaomi 15 Ultra – алдыңғы буынмен салыстырғанда өнімділіктің 45%-ға өсуін және қуат тұтынудың 52%-ға төмендеуін қамтамасыз ететін Snapdragon® 8 Elite мобильді платформасының негізінде жұмыс істейді. Онымен қоса графикалық процессор 44%-ға күшейіп, қуат тұтыну 46%-ға төмендеді.

Үлкен жүктемелерде тұрақты жұмыс істеу үшін – бейнежазба, есептеу фотосуреті, AI тапсырмалары және қажет ететін ойындар – негізгі компоненттерден жылуды тиімді түрде қайтаратын инновациялық құрылымына негізделген Xiaomi IceLoop салқындату жүйесі қолданылады.

Аккумулятор мен зарядтауға келетін болсақ, Xiaomi 15 және Xiaomi 15 Ultra Xiaomi күні бойы және одан тыс уақытта ұзақ жұмыс істеуді қамтамасыз ететін Xiaomi Surge Battery Management System жүйесін пайдаланады. Xiaomi 15 Ultra-да құрамында 10% кремний карбиді бар 5410 мАсағ батарея орнатылған, бұл құрылғыны ауырлатпай сыйымдылықты арттыруға мүмкіндік береді. Қуаты 90 Вт жылдам зарядтау және 80 Вт сымсыз жылдам зарядтау энергияның тез көтерілуін қамтамасыз етеді. Xiaomi 15-те 5240 мАсағ аккумулятор, сымды (90 Вт) және сымсыз (50 В) жылдам зарядтауға ұқсас қолдау бар.

LPDDR5X стандартты жедел жады, UFS 4.0 (Xiaomi 15-те) және UFS 4.1 (Xiaomi 15 Ultra-да) жинақтағыштары оқу/жазу жылдамдығын арттырады. Xiaomi 15-тің Ultra 16 ГБ + 512 ГБ және 16 ГБ + 1 ТБ конфигурациялары қолжетімді, ал Xiaomi 15-тің 12 ГБ + 256 Гб және 12 ГБ + 512 ГБ нұсқалары қолжетімді.

Xiaomi HyperOS 2-мен кеңейтілген мүмкіндіктер

Xiaomi 15 сериясы ең жаңа Xiaomi HyperOS 2-де жұмыс істейді, онда үш негізгі технологиялық жаңалық енгізілген: Xiaomi HyperCore, Xiaomi Hyperconnect және Xiaomi AI. Олар функционалдылықты, интерфейстің біркелкілігін, кросс-платформалық қосылымды, қауіпсіздікті, құпиялылықты айтарлықтай жақсартады, сонымен қатар жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктеріне, сонымен бірге жұмыс пен шығармашылық құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Xiaomi AI AI құралдарының күшті жиынтығын ұсына отырып, пайдаланушылардың тиімділігін арттырады. Олардың арасында сөйлеуді тану жүйесі және AI Шығармашылық Көмекшісі, оның ішінде фотосуреттер және видеолармен жұмыс істеуді жеңілдететін, кәсіби нәтижелерге тезірек қол жеткізуге мүмкіндік беретін AI Суретті Кеңейту, AI Өшіргіш Pro, AI Шағылысты Жою, AI Сиқырлы Аспан және видеоға арналған AI Сүзгісі құралдары.

Жүйенің негізінде Xiaomi HyperCore жатыр – оңтайлы бірқалыптылық пен жоғары өнімділікті, сондай-ақ жүйе деңгейіндегі ауқымды жаңартуларды қамтамасыз ететін меншік технологиялық платформа. Визуалды өзгерістердің арасында – жаңартылған шаблондар мен кинематографиялық элементтері бар экранды бұғаттаудың жаңа дизайны, жақсартылған графикалық ішкі жүйенің арқасында жетілдірілген анимациялар, сондай-ақ үздіксіз жұмыс істеу үшін толығымен қайта өңделген үй экраны.

Xiaomi HyperConnect құрылғылар, платформалар және экожүйелер, оның ішінде ДК және iOS/macOS арасындағы шекараларды жояды. Әр түрлі құрылғыларға арналған камера жаңа функциясы Xiaomi 15 сериясының суретті өңдеу алгоритмдерін сақтай отырып, басқа құрылғының камерасын пайдалануға мүмкіндік береді. Біріктірілген камералар функциясының көмегімен бірден бірнеше құрылғыдан бейне ағындарын біріктіруге және қарауға болады – концерттер, дәрістер немесе оқу бейнелерін түсіру кезінде тамаша шешім.

Xiaomi Pad 7 сериясы: флагмандық дисплейде AI мүмкіндігін ашыңыз

Xiaomi жаңа смартфондармен бірге Xiaomi Pad 7 Pro және Xiaomi Pad 7 кіретін Xiaomi Pad 7 планшеттерінің сериясын ұсынады. Бұл құрылғылар кәсіпқойларға да, қарапайым пайдаланушыларға да бағытталып, өнімділік пен ойын-сауық тәсілін қайта қарастырады. Екі планшет те тиімді көп міндеттілікті жеңілдететін AI жұмысын ұсынады. Олардың 3,2 K ажыратымдылығы, 3:2 арақатынасы, Адаптивті HDR қолдауы және TÜV Rheinland сертификатымен жарқын 11,2 дюймдік дисплейі бар. 144 Гц дейінгі жаңару жиілігі контентті біркелкі ойнатады, ал пиксельдердің жоғары тығыздығы (345 ppi) айқындықты қамтамасыз етеді. Түстерді дәл калибрлеу және 68 млрд реңкті қолдау шынайы көріністі қалыптастырады. Қалыңдығы небәрі 6,18 мм және салмағы шамамен 500 г планшеттер ыңғайлы әрі жеңіл болады. Dolby Atmos® технологиясымен төрт динамик көлемді дыбыс, ал Xiaomi AI және Xiaomi HyperConnect күшті функцияларымен Xiaomi HyperOS 2 өнімділіктің жаңа қырларын ашады.

Xiaomi AI технологиясына AI Дауыс Тану және Mi Canvas-мен AI Көркемөнер кіреді. Xiaomi HyperConnect қолдауы планшеттерді басқа құрылғылармен оңай біріктіруге көмектеседі. Мысалы, NFC Sharing функциясы файлдардың берілуін жеңілдетіп, басқа гаджеттерге бірден қосылуға мүмкіндік береді. Home screen+ 2.0 функциясы смартфонның екі қолданбасына Xiaomi Pad 7 экранынан тікелей кіруге мүмкіндік береді, ал камералар бір мезгілде трансляция жүргізуге және бірнеше ракурстан видео контент жасауға көмектеседі. Планшет Workstation режимінде қалқымалы терезелерді, қолданбаларды масштабтауды және кәсіби тапсырмалар үшін ыңғайлы басқаруды қолдайтын шартты «жұмыс үстеліне» айналады.

Xiaomi Pad 7 Pro Snapdragon® 8s Gen 3 Mobile Platform негізінде жұмыс істейді, бұл көп міндеттіліік режимінде жоғары өнімділікті және жеңіл жұмысты қамтамасыз етеді. 32 Мп AON алдыңғы камерасы және 50 Мп негізгі камерасы тамаша фотосурет және видео мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Xiaomi Pad 7 Pro моделі өте жылдам желі үшін Wi-Fi 7 стандартын қолдайды, ал кіріктірілген саусақ ізі сканері қауіпсіздікті арттырады. 67 Вт HyperCharge арқасында 8850 мАсағ аккумулятор 79 минут ішінде зарядталады. Тұтас алюминийден жасалған корпус беріктігімен қоса сәнді көрінеді – кәсіби мамандарға керемет таңдау.

Xiaomi Pad 7 – бұл жұмыс пен ойын-сауық арасындағы тепе-теңдікті сақтағысы келетіндерге арналған құрылғы. Ол сапалы суреттер үшін 13 Мп сыртқы камерамен және видео қоңыраулар үшін 8 Мп алдыңғы камерамен жабдықталған. Модель сенімді өнімділікті ұсына отырып, Snapdragon® 7+ Gen 3 Mobile Platform-да жұмыс істейді және тұрақты интернет байланысы үшін Wi-Fi 6E қолдайды. 45-ватт зарядтау құрылғысының арқасында Xiaomi Pad 7 аккумуляторы 103 минуттан сәл артық зарядталады.

Екі модельде де – Xiaomi Pad 7 Pro және Xiaomi Pad 7 – қосымша аксессуарлар жиынтығы бар. Xiaomi Pad 7 / 7 Pro Focus Keyboard пернетақтасы жарықпен, реттелетін бұрышпен және әріптердің ыңғайлы орналасуымен жабдықталған. Xiaomi Focus Pen стилусы (енді ақ түсте де) ең аз кідірістерді, сурет салу мен қолмен жазылған жазбалар үшін 8192 басу деңгейін ұсынады. Xiaomi Pad 7 / 7 Pro Cover қабы күнделікті қолдануда сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Бағалар мен қолжетімділік 

Түс нұсқалары:

  • Xiaomi 15 – қара, ақ, жасыл.
  • Xiaomi 15 Ultra – қара, ақ, күміс хром.
  • Xiaomi Pad 7 – көк, сұр, жасыл.
  • Xiaomi Pad 7 Pro – көк, сұр, жасыл.

Бағасы:

  • Xiaomi 15 – жадының екі нұсқасымен қолжетімді, 449 990 теңгеден басталады.
  • Xiaomi 15 Ultra – жадының екі нұсқасымен, 649 990 теңгеден басталады.
  • Xiaomi 15 Ultra Photography Kit Legend Edition – 59 990 теңгеге бөлек сатылады.
  • Xiaomi Pad 7 – екі конфигурациясы, 179 990 теңгеден басталады.
  • Xiaomi Pad 7 Pro – екі конфигурациясы, 269 990 теңгеден басталады.

Аксессуарлары:

  • Xiaomi Pad 7 / 7 Pro Keyboard пернетақтасы – 30 990 теңге.
  • Xiaomi Pad 7 / 7 Pro Focus Keyboard пернетақтасы – 59 990 теңге.
  • Xiaomi Pad 7 / 7 Pro Cover қабы – 11 990 теңге.
  • Xiaomi Focus Pen White стилусы – 30 990 теңге.

Қазақстандағы сатып алушылар үшін арнайы ұсыныс!

3 наурыз бен 31 наурыз аралығында:

  • Xiaomi Pad 7 / Xiaomi Pad 7 Pro сатып алған жағдайда – сыйлыққа Bundle Keyboard пернетақтасы немесе Focus Pen стилусы немесе Xiaomi Smart Band 9 Pro фитнес-браслеті.
  • Xiaomi 15 Ultra сатып алған жағдайда – сыйлыққа Xiaomi 15 Ultra Photography Kit Legend Edition жиынтығы немесе Xiaomi Watch S4 ақылды сағаты.
  • Xiaomi 15 сатып алған жағдайда – сыйлыққа Xiaomi Watch S4 ақылды сағаты.

Жаңа құрылғыларды ресми сату арналарында: mi.com сайтында, kaspi.kz-те Xiaomi Official Store және Xiaomi дүкендерінде сатып алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -