Инвалидтықты белгілеудің жаңа тәсілі: оңай әрі жылдам

2431
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық әзірледі. Бұл бірнеше нозология бойынша осы процедураны жеңілдетеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сырттай проактивті форматта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ерекше тетігі медициналық құжаттарды аумақтан тыс бір ғана сарапшыға жіберу арқылы мүгедектікті белгілеу рәсімін оңайлатуды көздейді. Бұған дейін бұл рәсім үш сарапшының қатысуымен өткізілген еді.

Сондай-ақ сырттай проактивті куәландыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері үш жұмыс күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Бұл механизм пилоттық жобада ауруларға, жарақаттар мен ақауларға байланысты дене функцияларының қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары кезінде үш нозологиялық нысан бойынша қолданылады:

– аяқтың ампутациясы және (немесе) болмауы;

– Даун ауруы (синдром);

– балалардағы мукополисахаридоз.

Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -