Шорт-тректен әлем чемпионаты: Астана жастар тарихи жетістікке қол жеткізді

1749
Фотосурет: Gov

Астана спортшылары шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл додада Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, ерлер арасындағы 3000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.

Айта кетерлігі, осы жетістікке Астана қаласының үш спортшысы –Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлкен үлес қосты.

Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -