Әскери инженерлер далалық жағдайда маңызды дағдыларды пысықтауда

1661
Фотосурет: Gov

Абай облысының Семей қаласында инженерлік қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде инженерлік әскерлердің басшылық құрамына арналған оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиын Қарулы Күштер түрлері, өңірлік қолбасшылықтар инженерлік әскерлерінің бастықтары, және тиісті бейіндегі бөлімше командирлері үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара аясында жауынгерлік дайындықты арттыруға және инженерлік бөлімшелерді даярлауды жақсартуға бағытталған дәрістер, тактикалық-саптық жаттығулар мен практикалық сабақтар өткізілді. Соңғы қарулы қақтығыстарды мысалға ала отырып, инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындау ерекшеліктеріне және инженерлік әскерлердің қазіргі проблемаларына ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар «Шығыс» ӨңҚ инженерлік бөлімшелерінің базасында «Семей орманы» резерватында орман өрттерінің салдарын жою шараларын іске асыру тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, өткен жылғы су тасқынын ескере отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мәселелері талқыланды. Өткен жылы су тасқыны кезінде әскери инженерлер төрт паромдық өткелді (Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында) жабдықтады. Әскерилердің күшімен 362 рейс жасалды, 2 900-ден аса адам, 1 300-ден астам техника мен 423 тонна гуманитарлық көмек эвакуацияланды. 

Әскери қызметшілердің кәсіби дағдылары тактикалық лездеме кезінде тексерілді, оның барысында инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын жедел есептоптың әдістемелері сыналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -