Семейде әскери қызметші жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қызды аман алып қалды

1331
Фотосурет: Gov

Абай гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшісі майор Саят Оразбаев жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қызды құтқарып, табандылық пен батылдық танытты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әуезов алаңына қарама-қарсы жерасты өткелінен шыққан Саят Оразбаев жолдың ортасында тұрған кішкентай қызды байқап қалады. Ол еш ойланбастан, балаға қарай жүгіріп барып, асқан жылдамдықпен оны қауіпті аймақтан алып шығарды. Осылайша әскери қызметші қайғылы жағдайдың алдын алды.

Баланың жолдың ортасына қалай шығып кеткенін байқамадым Қолында қуыршағы бар екен. Жағдайды бірден бағамдап, бала үшін бәрін мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз жасауға тырыстым Майор Саят Оразбаев

Қыз бала жақын жердегі полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ондағылар бүлдіршіннің ата-анасын іздеуге кірісті.

Әскери бөлім басшылығы майор С. Оразбаевқа бала мен жүргізушілер үшін қауіп туғызған жағдайды қауіпсіз шешкені үшін алғыс білдірді.

Майор Саят Оразбаев әскери бөлімде өткен жылдың ақпан айынан бері қызмет етіп келеді. Ол отбасында екі бала тәрбиелеп отырған әке.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -