Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі еліміздің мұнай-газ саласындағы ағымдағы жағдай және ОПЕК+ келісім-шарт аясындағы халықаралық серіктестермен өзара әрекеттестік мәселелеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның мұнай өндіру бойынша белгіленген квоталарды асып кеткені бойынша соңғы хабарламаларға түсініктеме берді. Ол өндіріс көлемінің біршама ұлғаюы Теңіз кен орнындағы сағалық қысымды болашақ кеңейту және басқару жобасының тестілік жұмыстары аясында орын алғанын атап өтті.
«Бұл жұмыстар уақытша болып табылады және ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланған жобаның толық қуатқа шығуына дайындық процесінің бір бөлігі болып табылады,- деп түсіндірді министр.
Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның ОПЕК+ келісім-шарт шеңберіндегі өз міндеттемелеріне толық адал екендігін және оларды орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Энергетика министрлігі еліміздегі ірі кен орындарын дамытатын халықаралық консорциумдардың акционерлерімен кеңес жүргізді. Қазақстан 2024 жылғы қаңтардан бастап асып шығарылған көлемдер бойынша өтемақының жаңартылған жоспарын алғашқы айларға көбірек басымдық бере отырып ұсынады.
«Біз серіктестерімізбен конструктивті диалог жүргізудеміз және олардың тарапынан түсіністік байқалады. Бірлесіп, Қазақстандағы мұнай өндіру көлемін қысқарту және ОПЕК+ келісім-шарттағы барлық шарттарды сақтауды қамтамасыз ететін кешенді шаралар кешенін іске асыру жөнінде жұмыс атқарудамыз», – деп мәлімдеді министр.
Қазақстан өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті барлық шараларды қабылдады, оның ішінде кейбір кен орындарындағы өндіріс жоспарларын қысқарту да бар.