60 000 текше метр қар массасы қауіпсіз түрде түсірілді

1738
Фотосурет: Gov

Қазақстан ТЖМ қызметтері қар көшкінінің профилактикалық түсіруін өткізіді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін "Шымбұлақ-Мыңжылқы" автожолы учаскесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ "Қазселденқорғау" мамандары Кіші Алматы өзені бассейнінде көшкінді профилактикалық түсіруді жұмысын жүргізді.

Жарылыс жұмыстарының нәтижесінде көлемі 60 000 м³ қар массасының бақылаулы түсуі орын алды. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. 

Қар көшкіні автожолды жауып тастады. "Қазселденқорғау" АГЭТУ күшімен арнайы техниканың көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілуде . 

Іс-шараға құрамында 27 адам, 11 бірлік техника және 2 кинологиялық есептобы бар Қазақстан ТЖМ барлық қызметтері мен ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды. 

ТЖМ азаматтарды таулы аудандарда сақтық шараларын сақтауға және тазарту жұмыстары аяқталғанға дейін аталған маршрут бойынша жүруден бас тартуға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -