Қазақстан әлемдік энергетикалық нарықтағы позицияларын нығайтуда

2761
Фотосурет: Gov

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев S&P Global вице-төрағасы, доктор Дэниэл Ергинмен кездесті. Кездесу CERAWeek 2025 халықаралық энергетикалық конференциясының ашылуы қарсаңында өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әңгіме барысында тараптар жаһандық энергетикалық нарықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі жөнінде кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын және өзінің энергетикалық теңгерімін әртараптандыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, доктор Ергин Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы негізгі ойыншылардың бірі ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан мен S&P Global арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -