Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

3685
Фотосурет: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа меңгерушіні тағайындады.

Қанат Құлшманов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөліміне меңгеруші болып тағайындалды.

Бұл туралы 2025 жылғы 11 наурызда Ақорданың ресми мәлімдемесінде айтылған.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды" Ақорда

Қанат Құлшыманов 1987 жылы 5 қыркүйекте Арқалық қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика мамандығы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы "ҚазАқпарат" ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың маусымынан – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды (2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың наурызына дейін).

Жаңа тағайындалғанға дейін 2024 жылғы наурыздан 2025 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2024 жылғы 9 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметін Арман Қырықбаев атқарды. 2025 жылдың 24 ақпанында Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -