Энергетиктердің үш мыңнан астам үлкен ұжымында – «АлЭС» АҚ-да күштері, білімдері және ...... ақжүректіктері үшін 598 әйелге жұмыс орны табылды. Олардың көпшілігі өздеріне ер мамандығын таңдады және оларға неге өздеріне осындай «әйелдік емес істі» таңдады деген сұраққа: «Онда не тұр екен?» – деп шын жүректен таң қалып жатады.
Әрине, олардың әрқайсысының өз уәждемелері, өз жолдары болды, бірақ оларды біріктіретін нәрсе, яғни нәтижесінде таңдалған мамандықтары олардың тағдырларына айналды. Олар ұжымға сеніммен кіріп, нәтижелерге нық қол жеткізіп, өз мақсаттарына сенімді ұмтылуда.
«Энергетикадағы әйелдер қауымы – бұл күш, кәсібилік және шабыт. Техникалық білімді, табандылықты және физикалық төзімділікті талап ететін саланың күрделілігіне қарамастан, олар міндеттерді табысты орындап, компанияның дамуына зор үлестерін қосуда. Ұжымдағы 3074 қызметкердің ішінде 598 қызметкер – олар әйелдер қауымы, яғни бұл ұжымның – 20%-ын құрап жатыр. Олардың көпшілігі лайықты еңбек нәтижелерін көрсетуде. Мысалы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша марапатталған 158 алматылық энергетиктің арасында 36-сы әйелдер болды» Сандыбаев Ернар, «АлЭС» АҚ жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры
Олардың қатарында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО мамандары: электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Оразова Галина, электр станциясы цехының ауысым бастығы Шегабудинова Лариса және жетекші инженер Беркімбаева Зарина да бар. Алматының ең ірі станциясы – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да да әйелдік емес мамандықтарды меңгерген керемет еңбекқор әйелдер жұмыс істейді. Кәсіби белгілерге: компрессорлық қондырғылардың машинистері – Луценко Галина мен Кузьмина Нелли, химиялық талдау зертханашысы Әбдірашова Балжан, автоматтандырылған отын беру моторшысы Байтаева Жұлдыз және қабылдап-тапсырушы Зубакина Галина да ие болды. 3-ЖЭО-ның да өз кейіпкерлері бар: автокөлік учаскесінің жанармай станцияларының операторы Әбдірахманова Әлия, жөндеу қызметінің инженер-конструкторы Серова Ольга Анатольевна.
Компанияның басқа кәсіпорындарында да өз қызметкерлерін мақтан тұтады. Олардың барлығы көз алдымызда жүр. Үлкен ерлер ұжымдарында әйел әріптестердің жұмысына баса назар аударатын жағдайлар да бар. Бірақ білімі мен кәсібилігіне қарап, сынақтан өтікізіп, «өзіміз» деп қабылдап, қажет болған сәтте арқа тіреп, қолдауға тырысады.
«Әйелдер қауымы – біздің ұжымның жаны. Бізде өндірістік департаменттердегі кәсіподақ ұйымдарының барлық төрағалары – әйелдер. Олар ұжымда үлкен, қажырлы жұмыс атқаруда. Олар белсенді, бастамашыл, көбінесе әйелдер – қоғамдық істерде, әлеуметтік науқандара бірінші болып жүреді. Кәсіподақ олардың ішіндегі ең белсенділерінің бестігін 2024 жылдың қорытындысы бойынша атап өтті» Серік Тымбасбаев, «Энергия» кәсіподақ ұйымының төрағасы
Әйелдер қауымы ерлер ұжымындағы шағын әлеуметтік топ болғандықтан, олар кәсіби істермен ғана емес, сонымен қатар ортақ мүдделермен де топтасқан. «АлЭС» АҚ Әйелдер клубында тұрақты кездесулер кезінде дарынды жарқын жұлдыздар көрініп жатады. Кездесулер кезінде олар сүйікті кітаптарын, әлеуметтік мәселелерді, гендерлік теңдікті, қаржылық сауаттылық мәселелерін талқылайды. Олар өзекті және өздерін толғандыратын нәрсенің барлығын талқылауға шығарады.
Алматылық энергетиктердің тағы да бір қыры – барлық жағынан шығармашылық көзқарас. Жоғары вольтты сынақтарды «үйлесімділік» сөзімен сипаттауға болатынын кім ойлаған? Бірақ Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электротехникалық зертханасының автоматика және метрология жөніндегі жетекші инженері Дашиева Оюна өз жұмысын дәл осылай көреді.
«Мен 2010 жылы мұнда БӨАжА бойынша инженер болып келгенімде, мұнда менің екі әлемім: нақтылыққа деген сүйіспеншілік пен жасампаздыққа деген құштарлық қосылатынын елестете алмадым», – дейді ол. 2017 жылы жетекші инженер бола отырып, Оюна станциядағы жоғары вольтты сынақтар үшін жауапкершілікті өзіне алды. «Бұрын мен тек өзіме ғана жауап беретінмін. Енді сыналатын жабдықтың жарамдылығы мен әріптестерімнің қауіпсіздігі – менің шешімдеріме байланысты», – деп атап өтті ол.
Ал, Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО машинисі Шкурова Аннаның жұмыс күні Басқарудың орталық жылу қалқанының мониторларынан басталады, ондағы сандар мен кестелер – энергия қысымы, температурасы мен ағыны туралы әңгімелейді. Бұл көрсеткіштердің артында – жай ғана технология емес, әрбір қосылған шамға немесе ыстық радиаторға қанша күш пен білім салынғанын білмейтін адамдардың өмірі жатыр. «Біздің еңбегіміз бәрі жұмыс істеп тұрған кезде көрінбейді, – деп күледі Анна. – Бірақ бұл біз үшін ең жоғары марапат». Ол үшін машинистің жұмысы – бұл жабдықпен тұрақты диалог құру. Сондықтан мұнда тек білім ғана емес, сонымен қатар мінез де бағаланады: тәртіп, қысым астында деректерді талдау және командада жұмыс істей білу.
Светлана Гражданцева да күтпеген жолды таңдады, ол жастық шағында көйлек эскиздерін жасап, жоғары сән әлемін армандап, Алматы технологиялық институтын бітіріп, энергетикаға келді. «Мен Өтеген батыр кентінде өскен едім, – деп еске алады ол. – Мен күн сайын осы ЖЭО-ны көріп жүретінмін, бірақ мен бұл жерді шығармашылыққа орын жоқ – темір әлемі деп ойлайтынмын. Бірақ солай ойлап қателестім!». Енді ол 12 жылдан бері кішкентай ғажайыптарды жасап келеді: оның жұмыс орны – құбырлардың, сүзгілердің және сезбектердің лабиринті, ондағы әрбір клапан мен реактив модельердің қолындағы жіпке ұқсайды. Тек жібек пен пішіндердің орнына – формулалар, сынамалар және мінсіз дәлдік жатыр. Станцияның химиялық цехының химиялық су тазалау аппаратшысы ретінде ол судағы кішігірім қоспаның өзі үлкен турбиналарды тоқтата алатынын біледі. Бірақ біреулер үшін бұл жұмыс жалықтыратындай болып көрінсе, ал Светлана болса бұл жұмыстан шабыт алып отырады...
Міне, олар өздерінің күрделі мамандықтарынан өнерді көріп, қала тұрғындарының үйлеріне жарық пен жылудың үздіксіз жетуі үшін күш-жігері мен білімін жұмсайтын осындай жігерлі және ақын, жауапты және шығармашыл, оның ішінде олардың жан жылуы бар... әйел – энергетиктер.