Wellness-экономиканың әлемдік нарығы: Қазақстан өз позицияларын нығайтты

1463
Фотосурет: Shutterstock

2023 жылы Қазақстанның wellness-нарығының көлемі 9,21 млрд АҚШ долларына жетіп, еліміз әлемнің 140 мемлекеті арасында жаһандық рейтингте 54-ші орынға ие болды. Бұл – The Global Wellness Economy: Country Rankings» жаңа рейтингісінің нәтижелері. 

Global Wellness Institute мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы әлемдік сауықтыру экономикасы 6,3 трлн АҚШ долларына жеткен, оның 830 миллиарды wellness-туризмге тиесілі. 

Жаһандық wellness-экономиканың рейтингісі 2019-2023 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Зерттеуде негізгі 11 сегмент талданған: спа-салондар, термалды/минералды бұлақтар, сауықтыру туризмі, жұмыс орнындағы сауықтыру, wellness-жылжымайтын мүлік, дене шынықтыру және психикалық денсаулық, дұрыс тамақтану, қоғамдық денсаулық және басқалар.

Рейтингте Қазақстан 2022 жылмен салыстырғанда екі позицияға жоғары  көтерілді. Еліміздегі wellness-нарықтың табыс көлемі 2019 жылға қарағанда 2023 жылы 27,5% арта түсті.   

Әлемдегі ең ірі ТОП-5 сауықтыру нарығына АҚШ, Қытай, Германия, Жапония және Ұлыбритания кірді. Сондай-ақ, рейтингте көрші елдер ұсынылған: Өзбекстан 82, Әзірбайжан 83, Қырғызстан 115 орынға ие болды. 

Wellness-нарықтың өсуі бизнесті дамытуға және елге халықаралық инвестицияларды тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -