Президенттік орталықта «Наурыз. Таным. Тарих» интерактивті экскурсиялар апталығы басталды

2134
Фотосурет: "Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы"РММ

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Наурыз.Таным.Тарих» атты интерактивті экскурсиялар апталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл іс-шараға мәдениет қайраткерлері, елордалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына келушілер мен елордалық гидтер клубының мүшелерінен 100-ден астам адам қатысады.

«Наурыз мейрамы – халқымыздың бай мәдени мұрасы. Парыс тілінен Жаңа күн деген мағынасын беретін Наурыз күн мен түннің теңелуін, табиғаттың жаңаруын және ұрпақтар сабақтастығын білдіреді. Осыған орай Мемлекет басшысының бастамасымен биылдан бастап елімізде Наурызнама 10-күндігі атап өтіледі. Наурызнаманың әр күнінің өз атауы мен тақырыбы бар. Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының келушілеріне қазақтың дәстүрлі киімдері мен музыкалық аспаптарымен таныстыратын «Бір жәдігердің тарихы» жобасы аясында кітап көрмесі және тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылатын болады» ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат 

Мерекелік экспозициялар аясында ҚР Президенттік орталығының музей, архив  және кітапхана қорларынан барлығы 80 экспонат ұсынылды.

Осы іс-шара аясында уақыттың қызықты саяхаты баршаға ұлттық мәдениеттің бастауларын қозғап, Наурыз мейрамының терең мәнін түсінуге мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар 18 наурызда  «Ұлт құндылығы – домбыра» атты тақырыптық экскурсия өтеді. Қонақтар қазақтың ұллтық аспабының қасиетті мәнімен танысады. Домбыра жасаушы шебер Бауыржан Ардақұлы мен виртуоз домбырашы, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анар Айтбайқызы Мұздаханова құпия сырларымен бөліседі. Ал 20 наурызда қазақ әйелдерінің ұлттық киіміне арналған «Тарихтың алтын өрнегі» тақырыптық экскурсиясы өтеді. Қонақтар Фатима ханшайымның бешпентінің қайталанбас реконструкциясын көріп, ұлттық киім арқылы өткен ғасырлардағы қазақ әйелдерінің мәртебесі мен дүниетанымын бағамдай алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -