Түркі мұрасы: Алматыда Халықаралық ғылыми форум өтті

1496
Фотосурет: Gov

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен ұлттық «Наурыз мейрамына» орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Форум түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

Форум аясында «Түркі дәстүрлері: этномәдени ерекшеліктер» тақырыптық секциясы мен музейлер қауымдастығы өкілдерінің, шығармашылық, ғылым саласындағы жастардың, өнер қайраткерлерінің, тарих, мәдениет, туризм, білім беру, БАҚ мамандарының қатысуымен OPEN SPACE – «Ұлттық мәдениетті насихаттаудың заманауи бағыттары» атты пікірталас өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің қорынан алынған этнографиялық коллекциялар мен Қазақстан қолөнершілері мен этнодизайнерлерінің авторлық туындылары ұсынылған «Шеберлер алаңы» көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл көрменің ерекшелігі шеберлер ежелгі дәстүрлерді заманауи интерпретациялау арқылы жеткізген.

Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындардың оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар  және өзге де қызығушылық танытатын азаматтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның мақсаты – түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу, материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеп-зерделеу, «Наурыз»мейрамын насихаттаудың жаңа тәсілдерін анықтау, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту үшін бірыңғай алаң құру және мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -