Дәстүрлердің жылуы: Астанадағы балабақшада Көрісу күні қалай аталып өтті

1705
Фотосурет: Gov

Елордадағы №7 «Аққу» балабақшасы Көрісу күнін ерекше атап өтіп, ата-аналармен бірге ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, қазақтың бай мәдениетін танытуға үлес қосты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Ата-аналар мен балалар ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрімізді еске түсірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар ұлттық киімдерін киіп, көрісу күнінің тарихын көрсетіп, көрініс қойды. Дәстүр бойынша, ақсақалды қария бата беріп, ақтан ауыз тиді. Сондай-ақ, көрісу күнінің мәні мен маңызы терең түсіндірілді.

«Біз жыл сайын осы мерекені асыға күтеміз. Ата-аналармен көрісу күнін балабақшада атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Бүгінде еңбектеген баламыздан еңкейген қариямызға дейін береке мен бірлігімізді көрсетіп, амал мерекесін қуанышпен атап өттік», - деді балабақшаның ата-аналар комитетінің төрағасы Айдана Қайратқызы.

Бұл іс-шара балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін танытуға мүмкіндік берді. Ата-аналар арасындағы бірлікті нығайтып, бір-біріне деген құрметтерін арттырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -