Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жәрдемдескені үшін білім беру мекемелерінің басшыларынан бірнеше рет пара алды деп күдіктенеді.
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда қаласының білім бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол өзінің туысын ведомстволық бағынысты ұйымның педагогы ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін қала тұрғынынан 1 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол өзіне артық белгіленген норманың жалақысын негізсіз аудару арқылы 4,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты Балқаш ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаеваға және осы бөлімнің 8 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.
Олар 129,6 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне артық жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ақмолдаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды.
Талдықорған қалалық соты «Талдықорған қаласының №12 орта мектебі» КММ бас бухгалтері Г. Салпиноваға және осы мектептің бухгалтері Н. Юсуповқа қатысты үкім шығарды.
Олар 24,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне белгіленген нормадан жоғары жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Салпинова мен Юсуповқа тиісінше 8 және 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
Жымқыру тәуекелдерін азайту мақсатында барлық дерлік өңірлерде тәуекелдерді басқару жүйелері бар бухгалтерлік бағдарламаларға бірыңғай техникалық талаптар көзделген, олар жоғары жалақы мен «Өлі жандарды» есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «Бұлтты бухгалтерия» жобасы іске асырылуда, ол бухгалтерлік есептің барлық жүйелерін орталықтандыруды және мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазынашылықтың дерекқорларымен интеграциялауды көздейді.
Жоба бюджетті жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем құжатына жалған деректерді енгізу тәуекелдерін және басқа да қаржылық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі.
Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Барлық күдікті операциялар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, білім басқармасына және аударым жасаған ұйымның өзіне талдау жасау үшін түседі.
Бұл барлық күдікті операцияларды бақылауға және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ақшалай төлемдерді алушылардың дербес деректерінің дұрыстығына төлем құжаттарын автоматты тексеру тетігін енгізу инновациялардың бірі болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін интеграциялау жүргізілді
Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жүргізілді. Енді мұғалімдерге төленетін барлық төлемдер - жалақы, іссапар, сыйлықақылар және демалыс ақысы ЖСН және ТАӘ бойынша ресми деректерге сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі.
Қосымша, екінші деңгейдегі банктер ЖСН бойынша түскен төлемдерді банк шотының деректерімен салыстырады. Бұл үшінші тұлғаның банктік шоты қазіргі жұмысшының атымен көрсетілген кезде жалған мәліметтер бойынша қаражат аудару мүмкіндігін толығымен жояды.
Енгізілген тетік тек білім беру ұйымдарына ғана емес, қазынашылық жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік мекемелерге де қолданылатынын атап өткен жөн.
Қазірдің өзінде біз үлкен өзгерістер туралы айта аламыз және қабылданған шаралардың әсерін көреміз.
Егер 2023 жылы осы саладағы жымқыру 17 млрд теңгеден асса, 2024 жылы жаңа жымқыру шараларының арқасында 22 миллион теңгеге дейін айтарлықтай азайтылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.