Айыппұлдан қалай құтылуға болады? ІІМ мопедтерді тіркеу ережелерін түсіндірді

1925
Фотосурет: Gov

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу қажеттігі туралы ескертті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Министрлік 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатынын мәлімдеді. Ал құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет», - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -