23 наурыз күні алматылықтар ауқымды сенбілікке шығады

4818
Фотосурет: Almaty akimdigi

Ертең Алматыда «Almaty Clean&Green» сенбілігі өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылы 23 наурызда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» аясында Тазару күніне орай «Almaty Clean&Green» жалпықалалық акциясы өтеді.

Сенбілік барысында қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, скверлер мен аулалар тазартылып, көгалдандырылады. Негізгі іс-шара – жаппай ағаш отырғызу. 

Алматы әкімдігі қатысушыларды көшеттермен, тазалау және отырғызу құралдарымен қамтамасыз етеді. Жиналған қоқыс қайта өңдеуге жіберіледі.

Акция сағат 9:00-де басталып, қала бойынша бірнеше жерде өтеді.

Тұрғындар үшін Абай-Байтұрсынов даңғылынан сенбілік өтетін негізгі орындарға дейін арнайы автобус қатынайды. 

Бағдарламада шағын концерт, экология бойынша шеберлік дәрістер, викторина және арқан тартыс пен тоғызқұмалақ ұлттық ойындары бар. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -