Қазақстандағы сақтандыру компаниялары АҚЖС-ны алмастыратын жаңа түрін ойлап табуда

5555
Фотосурет: Jinda Noipho/Getty Images

Соңғы жылдары көлік иелері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жетілдірілмегендігін айтып шағымдануда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәселе міндетті сақтандырудың бұл түрі бойынша төлемдер бөлшектер мен жөндеу жұмыстарын өтеуге жеткіліксіз екендігінде. Депутаттар заңға өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, ал сақтандырушылар өз кезегінде жүргізушілерге қолайлы болу үшін жаңа шешімдер іздеп табуда. Бұл туралы толығырақ “Freedom Insurance” СК” АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев айтып берді.

Заңға сәйкес, көлік құралдарын міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖС) бойынша ең жоғары төлем 600 АЕК (2 359 200 теңге) құрайды. Одан тыс, амортизация сомасы залал төлемінен ұсталады. Сонымен қатар, машинаны жөндеуге арналған норма-сағаттардың құны қазіргі уақытта нақты құны бойынша емес, өндіруші зауыттың форматы бойынша есепке алынады.

«Мысалы, жаңа көліктің бір бөлшегі 10 000 теңге тұрады делік. Ескі көліктікі арзанырақ болады. Сақтандыру компаниялары оның бағасын көліктің жасын ескере отырып есептейді. Ал жол-көлік оқиғасына ұшыраған жүргізушінің бұрын пайдаланылған бөлшекті табуы екіталай. Ол артық төлеп, жаңасын сатып алуы әбден мүмкін» Азамат Керімбаев 

Соның салдарынан жол апатына ұшыраған жүргізушінің көлікті жөндеуге сақтандыру төлемі жетпейді.

Сақтандыру компаниялары үшін де сақтандырудың бұл түрі тиімсіз, өйткені олар бұдан табыс таппайды.

«КҚИ АҚЖС бойынша түскен ақшаның 100%-ға жуығы төлемдерге жұмсалады. Өйткені, өнімнің тарифтері 15 жылдан астам уақыт бойы қайта қаралмаған, ал бөлшектер мен жөндеу жұмыстарының бағасының өсуіне әсер ететін инфляция атаулы өнімді одан сайын тиімсіз етеді. Жағдай көптен бері қайта қарауға тұрарлық» Азамат Керімбаев 

Сақтандырушылар сақтандыру төлемдері бойынша жауапкершілік шегін бір көлік құралына 600 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін арттыруды ұсынып отыр. Осылайша, төлемнің максималды сомасы 3,69 млн теңгеге тең болады. Сондай-ақ сарапшылар өңірлік түзету коэффициенті дәлізін 10%-дан 50%-ға дейін кеңейтуді ұсынып отыр. Бұл аймақтық коэффициенттер қайта қаралғанға дейін жыл ішіндегі шығындардың ауытқуын «жеңілдетуге» көмектеседі.

Сонымен қатар, сақтандырушылар сақтандыру құнын есептеген кезде стандартты көрсеткіштерді (көлік құралының тіркелген аймағы, жасы, жүргізу тәжірибесі, көлік түрі, пайдалану мерзімі, «бонус-малус») ескерумен қатар, жүргізушілердің өңірлер арасындағы трансшекаралық көші-қонын ескеруді ұсынады. Яғни, әрбір автокөлік иесі үшін осы факторларды ескере отырып, базалық тарифке негізделген жеке тариф есептелетін болады. Бұл ұсыныстар реттеуші мен депутаттардың қарауында.

Идеялар қарастырылып жатқанда, Freedom Insurance мамандары пайдалану мерзімі 10 жылдан аспайтын автокөліктер үшін АҚЖС+ ерікті сақтандыру полисін іске қосты. Бұл қалай жұмыс істейді – егер сіз жәбірленуші ретінде жазатайым оқиғаға тап болсаңыз, онда стандартты схемаға сәйкес, жазатайым оқиғаға кінәлі тараптың сақтандыру компаниясы сізге 600 АЕК шегінде соманы төлейді, сонымен қатар амортизация үшін пайызды шегереді. АҚЖС+ арқылы сіз көлігіңіздің амортизациясы үшін есептен шығарылған соманы аласыз. Осы полис бойынша төлемдердің ең жоғары сомасы 300 АЕК (1 179 600 теңге) құрайды.

АҚЖС+ бойынша төлемді қалай алуға болады, рет-ретімен:

  • Жазатайым оқиғадан кейін жәбірленуші кінәлі тараптың сақтандыру компаниясына хабарласып, сақтандыру жағдайын тіркейді.
  • АҚЖС сақтандыруы бойынша төлемді кінәлі тараптың сақтандыру компаниясы есептейді. Мысалы, нақты шығын сомасы 800 000 теңге болса, амортизацияны есепке алғанда шамамен 580 000 теңге аласыз. Айырмашылығындағы 220 000 теңгені өз қалтаңыздан шығаруға немесе сот арқылы кінәліден жөндеу үшін жетіспейтін соманы өндіруге тура келеді. Болмаса көлікке жартылай жөндеу жасау керек болады.
  • Зардап шеккен тарап кінәлінің сақтандыру компаниясынан келтірілген залал мен амортизация сомасы көрсетілген құжаттарды Freedom Insurance компаниясына жібереді. Олардың негізінде компания амортизацияға есептен шығарылған жетіспейтін сома көлемінде төлем жасайды.
«Сақтандырудың бұл түрі жол-көлік оқиғасын туғызбайтын сақ көлік иелеріне ыңғайлы. Біз өзімізге сенімді бола аламыз, бірақ кенеттен бізге соғылатын адамға емес. Мұндай жағдайларда бұл сақтандыру көлігіңізді жөндеу үшін жетіспейтін ақша сомасын алуға көмектеседі» Азамат Керімбаев 

Сақтандыру нарығы мен сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың көлік құралдарын міндетті сақтандыру тәсілдерін өзгертуге сұранысы артуда. Сақтандырушылар жасап жатқан жаңа өнімдер осы фактіні растайды. Нарық қатысушылары әлеуметтік сақтандырудың маңызды өнімі өзгеріп, барлығына тиімді болады деп үміттенеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -