ESG ережелері бойынша ойнау: сын-қатерлер, шешімдер және үздік тәжірибелер

3806
Фотосурет: Getty Images

«Шеврон» әлеуметтік серіктестері «ESGQuest» семинарында тұрақты әдіс-тәсілдерді қалай меңгеріп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазіргі әлемде тұрақты даму жауапты бизнес стратегиясының ажырамас бөлігіне айналып барады. «Шеврон» компаниясының қолдауымен ESGQ рейтингтік агенттігі мен «Nature First» қоры ұйымдастырған «ESGQuest: шеш, жаса, өзгерт» практикалық семинары ҮЕҰ және азаматтық қоғам өкілдерін ESG саласындағы құзыреттілігін арттыру үшін біріктірді. Бағдарламаға теориялық лекциялар, интерактивті сессиялар және іскерлік ойындар кірді, соның арқасында қатысушыларға ESG қағидаттарын тәжірибе жүзінде меңгеруге, олардың кешенді сипатын және БҰҰ ТДМ-мен біртұтастығын ұғынуға және, әрине, өз жұмысында енгізу үшін құнды құралдарды алуға мүмкіндік берді.

Жаңа бизнес философиясы: ESG неге тренд емес, стандарт болып кетті

ESG (экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару) қағидаттары тұрақты даму стратегияларында басты рөл атқарады. «Шеврон» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін әлеуметтік серіктестері үшін осы қағидаларды кіріктіру операциялық тиімділікті жақсартудан бастап инвестициялық тартымдылықты арттыруға дейін жаңа мүмкіндіктер ашады. «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханованың айтуынша «инвесторлар ашықтық пен тұрақтылықты талап етеді, ал ESG тек сәйкестік құралы емес, өсу стратегиясы».

«Шеврон» Қазақстанда 1993 жылдан бері әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді, ал оның тұрақты дамуға бет алған стратегиялық бағдары осыдан 12 жыл бұрын қалыптасқан. Бүгінгі таңда компания жыл сайын білім беру, денсаулық сақтау, экологиялық ағарту және кәсіпкерлікті дамыту салаларында 20-дан астам бастаманы жүзеге асырады. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысумен қатар компания үшін серіктестердің білімі мен тәжірибесін дамыту, олардың тұрақтырақ бола түсуіне көмектесу маңызды. Аталмыш семинар серіктестерге кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасының бір бөлігі болды.

«Білім беру саласында бізде флагмандық жоба бар – STEM-білімді дамыту, оқыту жағынан пәнаралық әдіс-тәсілдерді қолдану. Біз мұғалімдерді дайындаймыз, 10 мыңнан астам адам тренинг бағдарламасын тәмамдады, студенттермен және мектептермен жұмыс істейміз. Мүгедектігі бар жастарды компьютерлік сауаттылыққа үйрететін IT бағдарламаларын бастадық, олар жастардың болашақта жұмысқа орналасуына көмектеседі. Біздің серіктестер - Urban Forum, Алматы ботаникалық бағы, Tabigat Lab және басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдар. Біз бастамаларды қаржыландырып қана қоймаймыз, әр серіктеспен бірлескен дизайн форматында жұмыс істейміз, жобаларды бірлесіп әзірлеп, жүзеге асырамыз, олардың әрбір кезеңіне қатысамыз» Лейла Айтмұханова

Семинарда спикерлер ESG енгізу компанияларға қауіп-тәуекелдерді азайтуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді әлеуметтік құндылықты қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

«ESG — қауіп-тәуекелдерді басқарудың ұзақ мерзімді құралы. Мемлекет үшін жеке меншік сектордың стратегиялық күн тәртібіне өз үлесін қосуын қамтамасыз ету, инвесторлар үшін салған қаражаттың тұрақтылығын растау, ал бизнес үшін жобалардың тұрақтылығы үшін барлық тараптардың мүдделерін ескеру маңызды. Сайып келгенде ESG бүгін және болашақта катаклизмдер аз болуына көмектеседі» ESGQ рейтингтік агенттігінің тең негізін қалаушы және әдістемесінің авторы Ерлік Қаражан

Ойын ережелерін өзгерту: ESGQuest жаңа сын-қатерлерге қалай дайындайды

Семинар бағдарламасы терең талдаумен және практикалық көзқараспен ерекшеленді. Бірінші күні қатысушылар жаһандық ESG үрдістерін, тұрақты дамуды басқару мәселелерін және негізгі экологиялық сын-қатерлерді зерттеді. ESG қауіп-тәуекелдерін басқаруға ерекше көңіл бөлінді:

«ESG факторларын ескермейтін компаниялар бедел мен қаржы жағына қатысты жоғары тәуекелдерге тап болады» ESGQ рейтинг агенттігінің даму жөніндегі директоры Айжан Хамитова

Орталық оқиғалардың бірі «Өз мақсаттарыңды біл» іскерлік ойыны болды, онда командалар әртүрлі салаларда ESG стратегияларын енгізу шешімдерінің үлгілерін жасады. Қатысушылар нақты уақыт режимінде экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлерді шешу стратегияларын әзірледі, олардың компаниялардың ұзақ мерзімді дамуына әсерін бағалады. Қонақ ретінде шақырылған атақты саяси және қоғам қайраткері Досым Сәтпаевтың ESG күн тәртібінің Қазақстан экономикасына әсері, жаһандық үрдістер және «жасыл күн тәртібін» дамыту мәселелері талқыланған дәрісі ерекше қызығушылық тудырды.

Екінші күн ESG әлеуметтік және басқару аспектілеріне, соның ішінде қатер-тәуекелдерді бағалауға, ESG жол картасын жасауға және қаржылық емес есеп беру мәселелеріне арналды.

Ақтөбеден келген депутат, эко-кеңесші Айман Қази «ESG аясында қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері» атты лекциясында «ESG-де қалдықтарды басқару тек нормаларға сай болу ғана емес, сонымен қатар ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мүмкіндігі» деп атап өтті.

Стратегиядан әрекетке: негізгі ESGQuest инсайттары

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар бірнеше негізгі қорытыны атап өтті:

  • ESG – компаниялардың ұзақ мерзімді тұрақтылығының стратегиялық құралы.
  • ESG қатер-тәуекелдерін бағалау және басқару жағымсыз әсерлерді азайтуға және мүдделі тараптардың сенімін арттыруға көмектеседі.
  • ESGQuest сияқты интерактивті форматтар күрделі ESG әдістемелерін түсінуді және оларды әртүрлі салаларға бейімдеуді айтарлықтай жеңілдетеді.
  • Тұрақты даму қоғам алдындағы міндеттеме ғана емес, сонымен қатар жаңа инвестиция тарту және серіктестік мүмкіндіктерін кеңейту жолы.

«ESGQuest ойыны бізге тұрақты дамуды жүзеге асырудың нақты тетіктерін көруге көмектесті. Бұл жай ғана теория емес, біздің жұмысымызда қолдануға болатын нақты құралдар» Impact Hub Almaty жобасының менеджері Қарлығаш Мұқаш

ESGQuest «Шеврон» компаниясының ҮЕҰ және әлеуметтік серіктестері арасында тұрақты даму құзыреттерін дамыту үшін маңызды платформаға айналды. Семинар құнды білім беріп қана қоймай, сонымен қатар қатысушыларды өз қызметінде ESG қағидаттарын белсенді енгізуге шабыттандырды. ESG бүгінде сән емес, экономикалық қажеттілік, онсыз өсу стратегиясын құру мүмкін емес. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бағдарламалар Қазақстанда анағұрлым жауапты және тұрақты азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -