Әскери прокуратураның әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғаудағы рөлі

3949
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Қазақстан тарихында прокуратура заң үстемдігін қамтамасыз етуде әрқашан жетекші орын алып, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғайтын мемлекеттік орган ретінде қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ оның қадағалаудың негізгі бағыттарының бірі азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және басқа да құқықтық актілерде азаматтардың міндеттерін орындау кезіндегі құқықтары, бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленіп, оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері айқындалған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратураның қадағалауын азаматтардың мәселелерін тиімді шешуге қайта бағдарлауды тапсырды.

Осыған байланысты азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

2022 жылдың 5 қарашасында мемлекет Президенті «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Прокуратура органдары ережесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 2-тармағынан туындайды, оған сәйкес прокуратура өз өкілеттіктерін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және тек Республика Президентіне есеп береді.

Мәселен, Негізгі заң нормаларын, заңнамалық актілерді және Республика Президентінің актілерін бұзуды анықтау және жою шараларын қабылдау арқылы прокуратура сол арқылы негізгі элемент ретінде Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын, азаматтық, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурор әртүрлі сатыдағы құқық қолдану, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметінде, сот процесінде азамат пен адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, проблемалық мәселелерге және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.

Бұл ретте, Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің, оның ішінде әскери қызметтен босатылған тұлғалардың заңды құқықтарын қорғауға қатысты белсенді жұмыс жүргізуде.

Нақтырақ айтқанда, әскери прокуратураның енгізген қадағалау актілері бойынша 50 млн. теңгеден аса ақшалай жәрдемақыларды, тұрғын үй өтемақыларды және зейнетақы төлемдерін төлеу арқылы көптеген әскери қызметшілердің құқықтары қорғалып, осындай заңсыздыққа жол берген кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Одан бөлек, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелері прокуратураның үнемі бақылауында. Бастамашылдық талдаудың нәтижелері бойынша 417 азаматтың әскери билеттерді алу құқығы қалпына келтірілді, әкімдіктің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Басқа жағдай, прокурорлық қадағалау актісімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамтамасыз ету бойынша әскери қызметшінің құқықтары қорғалып, дербес деректерді сақтау, есепке алу және жоюдың белгілі бір тәртібінсіз бұзылған мерзімді әскери қызметшілердің конституциялық құқықтары қайта қалпына келтірілді.

Азаматтардың құқықтарын қорғау әскери прокуратура органдарының күнделікті қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

Қорытындылай келгенде, еліміздің құқықтық мемлекет құру мақсатына жетудің бірден-бір асуы, Республикамызда адам мен азаматтардың құқықтары қол жетпес қазынаға айналуы қажет.

Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры Бақытжан Нұрмаханбетов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -