2025 жылдың 24-25 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан машина жасаушылар Форумы өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан машина жасаушылар форумы — бұл мемлекеттік сектор мен бизнес арасында тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін, тәжірибе алмасу, инновацияларды талқылау және саланы дамыту үшін жаңа жолдарды іздеуге керемет мүмкіндіктер беретін ерекше диалог алаңы.
Биылғы жылы машина жасау форумы Қазақстанның астанасында 20-дан астам елден 1500-ден астам қатысушыны жинайды деп күтілуде. Олардың қатарында мемлекеттік сектор өкілдері, бизнес, ірі тұтынушылар және жетекші машина жасау өнімдерін өндірушілер бар. Форумда машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мәселелері, саланың дамуындағы шетелдік серіктестердің рөлі, сондай-ақ өнеркәсіпті роботтандыру және цифрландырудағы өзекті тенденциялар, машина жасау саласына кадрлар даярлау мәселелері талқыланады. Негізгі өндірістерді дамытуға, теміржол, ауылшаруашылық, мұнай-газ машина жасауды және автомобиль жасау саласының перспективаларына ерекше назар аударылады.
Қазақстандық және шетелдік машина жасаушылар өздерінің өнімдері мен жаңа әзірлемелерін «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2025» халықаралық көрмесінде таныстырады. Көрме Форум аясында а.ж. 23-25 сәуір аралығында МВЦ «EXPO» ғимаратында өтеді.
Машина жасау саласындағы ең ірі оқиғаға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Қазақстан машина жасаушылар форумына тіркелу үшін сайтқа кіріңіз: www.smkz.kz