Қолданылмайтын жерлерді қайтару: 90 000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2937
Фотосурет: Gov

ҚР АШМ ЖРБК Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Ұлытау ауданында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру барысында 90 000 гектар жайылым жер ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Серіктестікке учаскені игеру туралы ұйғарым берілді, алайда талаптар белгіленген мерзімде орындалмады. Осыған байланысты департамент жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару жөнінде сотқа жүгінді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Ұлытау облысының соты апелляциялық шағымды қабылдамай, шешімді күшінде қалдырды.

Шешім заңды күшіне еніп, жер учаскесі мемлекет меншігіне берілді. Пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін қайтару жұмыстары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -