Қазақстан заңсыз акциздік өніммен қалай күреседі: тексерулердің нәтижелері

4224
Фотосурет: Gov

Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және есепке алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған тексеру іс шараларының нәтижелерін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылы, алкоголь өнімдерін өндірушілер тарапынан ірі бұзушылықтар мен бірнеше маңызды оқиғалар тіркелді.

Олардың бірі — алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздерден 3 миллиард теңгеден астам сомаға жалтарғаны туралы деректер. Қазіргі уақытта салықтық тексеру жүргізілуде, оның нәтижесінде құқық бұзушы толық көлемде шығынды өтейтін болады.

Сондай-ақ, жүргізілген іс-шаралар барысында мемлекеттік кірістер органдары теневой нарықпен күрес аясында заңсыз акциздік өнімдерді анықтады, атап айтқанда:
Алкоголь: 2 462 тексеруде 1,9 миллион литрден астам заңсыз алкоголь өнімдері анықталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе көп.
Темекі өнімдері: Тексеру нәтижесінде 116 заңсыз сауда жағдайы тіркеліп, 16,6 миллионнан астам контрафактілік темекі қорабы алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға көп.
Мұнай өнімдері: 480 теневой жанар-жағар май сату жағдайы анықталып, жалпы сомасы 7,9 миллиард теңге болатын 34,5 мың тонна мұнай өнімі алынды, сондай-ақ сот органдары заңсыз әрекеттерден түскен 591,4 миллион теңге табысты тәркіледі және 25,3 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Осылайша, МКК заңсыз акциздік өнім айналымына қарсы күрес жалғасын табатынын және акциздік тауарларды өндіру мен айналымын бақылау тек күшейе түсетінін атап өтеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық жауапкершілікке тартылатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -