Михаил Шайдоров 2025 жылғы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

4246
Фотосурет: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -