Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары күшейтілуде

3960
Фотосурет: Gov

Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға күш салынуда. Өңірде жаңа кәсіптің көзін тауып, өндірісті кеңейтуге назар аударылып жүр. Жергілікті кәсіпкерлер кеңсеге арналған ақ қағаз шығару ісін бастаған. Бүгін ауданға жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Жобаның қуаттылығы - тәулігіне 1000 дана, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өңір басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалап, кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару керек екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарға күш салуды тапсырды.

Қазығұрт ауданында «Aqua the best» сауда белгісімен ауыз су өндіретін цех өндірісін кеңейтті. Сағатына 6000 литр өнім беруге қауқарлы мекемеде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 18,9 млрд теңге болатын 300 адамға жуық жұмыс орны бар 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Аудандағы шағын және орта бизнес саласы да қарқынды дамуда.

Айта кетейік, кәсіпкерлік саласы бойынша облыс әкімінің тапсырмасымен үшін индикаторлық көрсеткіштер әзірленіп, бекітілген. Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға бекітілген көрсеткішерді тұрақты бақылауда ұстап, орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -