Қазақстандық балуандар ел қоржынына Азия чемпионатының алтынын салды

3201
Фотосурет: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері ефрейтор Нұрқожа Қайпанов пен сержант Жәмила Бақбергенова Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында алтынға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте балуан Нұрқожа Қайпанов қырғыз спортшысы Орозобек Тоқтомамбетовті 2:1 есебімен жеңді.

Армия спортшысы Нұрқожа Қайпанов бұған дейін өткен әлем чемпионаттарында да күміс пен алтынға ие болған. Бұл оның Азия құрлығы біріншіліктеріндегі үшінші алтын жүлдесі. Спортшының қоржынында Азия чемпионатының күміс медалі де бар. 

Еркін күрестен Азия біріншілігінде әйелдер арасында армия спортшысы сержант Жәмила Бақбергенова чемпиондық атаққа ие болды.

Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық қарсыласын 4-1 есебімен жеңді. Бұл оның спорттық мансабындағы құрлықтық біріншіліктегі төртінші жеңісі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -