Қазақстан мен Словения арасындағы ынтымақтастық: жаңа мүмкіндіктер мен жобалар

3542
Фотосурет: primeminister.kz

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сауда саласында Іскерлік кеңестің жұмысына назар аударылды, ол тау-кен, мұнай-газ және басқа да салаларда әріптестікті тереңдетудің және тәжірибе алмасудың қосымша тетігі болуы тиіс. Қазақстанда қолайлы бизнес-климат орнату үшін барлық шаралар қабылдануда.

Көлік-логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы ынтымақтастық талқыланды. «Орта дәліз» бойындағы бірлескен логистикалық және инфрақұрылымдық жобалардың келешегі қарастырылды. 

Энергетика саласында инфрақұрылымға бірлескен инвестициялар тарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктері қаралды. Сондай-ақ су ресурстарын басқаруға да назар аударылды.

Сонымен қатар жаңа буынның цифрлық қызметтерін дамыту және ЖИ элементтерін енгізу бойынша бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Кездесу соңында екі ел президенттері қол жеткізген нақты уағдаластықтар мен бірлескен мәлімдемелерді жүзеге асыру мәселелері ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның ерекше бақылауында болатыны атап өтілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -