Алматы халықаралық әуежайында еркін күрестен Қазақстанның ерлер құрамасын қарсы алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жүлдегерлер арасында – Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының мамандары — аға нұсқаушылары Азамат Дәулетбеков және Болат Сақаев та бар.
Әуежайда спортшыларды Ұлттық ұлан қолбасшылығы, туыстары, достары мен жанкүйерлері күтіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, ұландықтар мен олардың командаластары Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды.
Жиналған көпшілік сөйлеген сөзінде ұландықтар олардың жетістіктері командалық және жанкүйерлердің үлкен қолдауының нәтижесі екенін атап өтті.
Ұландық спортшылар рух, еңбек және антқа адалдық жоғары нәтижелерге әкелетінін дәлелдеуді жалғастыруда. Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы сайыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!