Қуаныш Шаңғытбаевты еске алу кеші: Ұлттық кітапханада ұрпақтар кездесуі

4532
Фотосурет: Gov

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жақұт жырдың жауһары» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара қаламгердің шығармалары мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кешке зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер, әскери бөлім сарбаздары және Түркі дүниесі Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен ақынның қызы Гаухар Шаңғытбаева қатысты.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және отбасы мұрағатынан алынған фотокөрме ұйымдастырылды.

Қуандық Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат» атты кітабын ақынның отбасы кітапхана қорына және қонақтарға сыйға тартты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -