«Өміріңді сақта»: әскери қызметшілерге құқық пен қауіпсіздік туралы түсіндірілді

5302
Фотосурет: Абай гарнизонының баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру аясында алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шараны өткізуге әскери полиция қызметкерлері, Абай облысының дін мәселелерін зерттеу маманы, қоғамдық белсенділерде ат салысқан.

Профилактикалық шараны жүргізу барысында әскери полиция органдарының қызметкері подполковник Бибитхан Асылханов Қарулы күштердің 2025 жылғы талдауын жеткізіп, нормативті-құқықтық актілердегі жаңашылдықтары таныстырды. Сонымен қатар әскер қатарында болған оқиғалар бойынша талдауларын түсіндіріп, заңдылық тәртіптің басымдылығын жеткізді.

Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Асель Кусембекова елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан амалдарды жеткізді. Сонымен қатар әскери қызметін өткеру кезінде және де радикалды көзқарастардың әскери бөлім аумағында жол бермеу үшін қолданылатын шаралар мен тойтарыс беру тәсілдері пысықтады, сарбаздарға түсіндірме бейнероликтері көрсетілді.

Шара соңында әскери қызметшілер алдын – алу мәселелері бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -