Ерлан Карин өңірлерді балаларға қатысты бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге шақырды

6017
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті. Басқосуға Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, Бас прокуратураның басшылығы және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баяндама жасады. Олар бала құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Осыған орай Мемлекеттік кеңесші балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне аймақ басшылығы баса мән беріп, бұл істі тұрақты бақылауға алуы қажет екеніне назар аударды.

Сонымен бірге жергілікті жерде басшылардың қатысуымен осындай жиындар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.  

Ерлан Қарин бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беруді және тиісті іс-шараларды пысықтауды тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -