Астанада ұлы ғалымның туған күні аталып өтті

4367
Фотосурет: Gov

Астанада академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін Астана қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның қатысуымен Қазақстанның тұңғыш геологы, ғұлама ғалым және алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай академиктің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын дәріптеу, еліміздің геология ғылымының дамуына қосқан үлесін атап өту және өндіріске жас мамандарды тарту.

Салтанатты рәсімге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров қатысты.

«Сәтбаев пен оның ізбасарларының тынымсыз еңбегінің арқасында Қазақстанның қойнауынан Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық дерлік элементтері ашылды. Ғалымдар ашқан пайдалы қазбалардың кен орындары Қазақстанда көптеген өнеркәсіп орталықтарының құрылуына негіз болды» Иран Шархан

Вице-министрдің айтуынша, академиктың сан қырлы қызметінің материалдық көрінісі тек Үлкен Жезқазған мен Жезді ғана емес, Орталық Қазақстанның, республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі ірі тау-кен металлургиялық кешендері болды, ол батыстағы мұнай мен газ кен орындарын игеруде ерекше құрметке лайық.

Сонымен қатар ол Сәтбаев Қазақстанның ең бай қазба байлықтарын ашуға, ғылым мен білімнің дамуына, Қазақстан Ғылым академиясының халықаралық байланыстарын орнатуға және дамытуға, басқа республикалардан келген ғалымдар мен әріптестердің ынтымақтастығын нығайтуға және тереңдетуге өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Іс-шараға сондай-ақ Геология комитетінің, «Ұлттық Геология қызметі» АҚ, «Қазақмыс Барлау» ЖШС, «Eurasian Resources Group» компаниясы мен Өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығының қызметкерлері де болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -