Алматыда полиция жүйесі жаңғыртылуда

1980
Фотосурет: Almaty akimdigi

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің қызметкерлері мен олардың отбасысы үшін ұйымдастырылған Наурыз мейрамына қатысты.

Сонымен қатар, сапар барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ерболат Досаев полиция капитаны Қарашаш Есдәулетоваға пәтер сертификатын табыстады.

Ол Дубайда өткен UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық турнирінде жүлдегер атанды.

Оның командасы әлемнің ең үздік арнайы бөлімшелері арасында екінші орын иеленді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -