Саранчамен күрес мәселелері Түркістан облысында

3454
Фотосурет: depositphotos.com

Келес ауданында шегіртке зиянкесіне қарсы күрес шаралары пысықталған кезекті штаб отырысы өтті. Мәжіліске ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сакен Қаныбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев және жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Түркістан облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Нұрбол Бекмұратов Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысын баяндап, аудандарда анықталған ошақтар жөнінде мәлімдеді.

Шегіртке зиянкесіне қарсы қазіргі таңда 67,3 мың гектар зерттеліп, оның 10,8 мың гектарында дернәсілдің зиянды шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталды. 7,1 мың гектар өңделді. Анықталған ошақтарда дәрілеу аспалы бүріккішпен жүзеге асырылуда. Ал алқаптарды дәрілеуге арнайы техникалар жұмылдырылуда.

Арыс қаласы бойынша 131,6 мың гектарды өңдеу жоспарланған, 22 секторда 381 жұмысшы химиялық өңдеуге қатысуда. Анықтаушылар саны – 450. Есепті мерзімде өңделген аумақ 2764,9 гектарды құрайды.

Келес ауданында дәріленетін аймақтың жалпы көлемі 88,6 мың гектар, 17 секторға бөлінген. 136 азамат дәрілеуді жүзеге асырса, 358 азамат ошақтарды анықтауға күш салуда. Бүгінге дейін 2176,9 гектар жер химиялық өңдеуден өтті.

Сарыағаш ауданында 81,3 мың гектар жер залалсыздандырылады деп көзделген. 15 секторда ошақтарды анықтауға 390 адам тартылған. Нақты өңделген аумақ 1832,4 гектарды құрайды. Жұмыс жалғасуда.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков мердігердің техникаларынан бөлек әкімдік тарапынан демеушілер ұйымдастырылып, қосымша техникалар тартылғанын атап өтті.

– Қазіргі сәт – бәріміз үшін сын сағаты. Мердігердің техникасы бұзылды деп, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Аудан әкімдіктері мен ірі агроқұрылымдардан 41 техника көмекке шығады. Ошақтарды анықтау үшін қосымша Арыс – 10, Сарыағаш 2 дрон қолданады. Демеушілер есебінен, 5 газогенератор және 1 ұшақ жалға алынды, – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Сондай-ақ улы химикаттармен тікелей жұмыс атқаратын мамандардың денсаулығын күту, уланудың алдын алу мақсатында медициналық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру аудан-қала әкімдерінің орынбасарларына жүктелді.

Сакен Қаныбеков әкімдіктің атқарған жұмыстарын оң бағалап, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан тиісті қолдау мен көмек көрсетілетінін жеткізді

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -