Форма мен рингтегі кәсіпқой: жеңілмейтін полиция қызметкері

4323
Фотосурет: instagram.com/nomad_wrestling

Полиция қызметкерлерінің арасында өзін тек қызметте ғана емес, басқа салаларда да көрсетіп, оң жетістіктерге жетіп жүргендер аз емес. 

Олардың бірі - ҚР ІІМ үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы Азамат Бақытов.

Тәртіп сақшысы ММА және грэпплингпен айналысады. Өзінің спорттық мансабында керемет нәтижелерге қол жеткізген:

  • ММА бойынша Қазақстан чемпионы (2015)
  • ММА бойынша Қазақстан Кубогының чемпионы (2017)
  • ММА бойынша Азия чемпионатының жүлдегері (2016)
  • Грэпплингтен Қазақстанның бес дүркін чемпионы
  • Грэпплингтен екі дүркін Азия чемпионы
  • Грэпплингтен әлем чемпионатының финалисі (2018-2019)

Сонымен қатар ол аралас жекпе-жекте кәсіби деңгейде тоғыз жеңіс пен бірде-бір жеңіліссіз сәтті өнер көрсетіп келеді. Одан бөлек, полицей Nomad Wrestling Гран-приінің бірінші маусымының жеңімпазы.

Шұғыла Тұрлыбек


«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -