Астанадағы әскери колледжде Жеңіс мерекесіне орай экологиялық акция өткізілді

2937
Фотосурет: Gov

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде көшет отырғызылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Экологиялық акцияға Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің бастығы полковник Ғазиз Төлеушев, әскери қызметшілер мен кадеттер қатысты.

– Бұл күндері "Таза Қазақстан" акциясы аясында Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде экологиялық акциялар өтуде. Әрбір отырғызылған көшет, ол тыл еңбеккерлері мен жалпы Жеңіс үшін күрескен жауынгерлерге құрмет пен ризашылықтың символы іспеттес, - деп атап өтті әділет поковнигі Тілеухан Басқожаев.  

Әскери колледж бастығы полковник Ғазиз Төлеушев атап өткендей, оқу орнының аумағын көгалдандыру кадеттер үшін маңызды оқиға болып саналады.

– Біз үшін де, тәрбиеленушілеріміз үшін де бұл көшеттер Ұлы Отан соғысының батырлары сыйлаған бейбітшіліктің символына айналады. Ал, бүгінгі күні елдің тыныштығын қорғауда тұрған қазіргі әскери қызметшілерге алғыс пен құрмет іспеттес, сондай-ақ ол болашақ ұрпаққа қазақстандық жауынгерлердің ерлігін  еске салады, – деді Ғазиз Төлеушев.

Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан" акциясы аясында Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу үшін бүкіл ел бойынша мыңдаған көшеттер отырғызылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -