Қаржы қызметтері: Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін G20 стандарттарына сай мінез-құлықтық қадағалауды енгізіп жатыр

3949
Фотосурет: freepik.com

Қазақстанда іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Негізгі мақсаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу.

Өткен жылдар ішінде Агенттік қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементтерін іске асыруда ауқымды жұмыс жүргізді. Алайда, маңыздылығы жағынан пруденциялық қадағалаумен салыстырылатын іс-қимылды қадағалау бойынша қадағалау жүйесін құру қаржы өнімдерін ұсыну кезінде қаржы ұйымының бизнес-моделіндегі тұтынушылар үшін тәуекелдерді жан-жақты түсінуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іс-қимылды қадағалау G20 тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың халықаралық қағидаттарына негізделген, олар тұтынушыларға әділ көзқарасты қамтамасыз етеді, қаржылық технологиялар жағдайында тұтынушылардың хабардар болуына ықпал етеді.

Қаржы өнімдері сипаттарының тұтынушының мүдделері мен сипаттамаларына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар біріздендірілді. Енді Агенттік анықталған тәуекелдер немесе оларды басқарудағы кемшіліктер жойылғанға дейін тұтынушыларға қаржы өнімдерін беруді тоқтата тұруға құқылы болады.

Кредиттік өнімдер үшін шамадан тыс борыш жүктемесінің тәуекелдерін азайтуға бағытталған жауапкершілікпен кредит беру қағидаттары енгізілетін болады. Ақпаратты жария етуге, жарнамаға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ жосықсыз практикаларды шектеу жоспарлануда. Сонымен қатар жаңа жүйе жосықсыз іс-қимыл мен алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Реттеудің маңызды құрамдас бөлігі қаржы ұйымының тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамаларды жүргізу міндеті болады.

Бұдан басқа, қаржы нарығына қатысушылар арасында міндеттерді тиімді бөлу үшін қаржы нарығында жолданымдарды  қарау тәртібі қайта қаралды. Жаңа тәсілге сәйкес қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылардың жолданымдарын қарауға және шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі қарауы мүмкін, ол қазір қаржы нарығында дауларды сотқа дейінгі реттеудің негізгі тетігі болып табылады.

Осы өзгерістердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және тұтынушылар мен қаржы өнімдеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Кешенді тәсіл қаржы нарығында адал іс-қимылды ынталандыруға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -