Қазақстанның жас шахматшылары юниорлар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатында еліміздің тарихында ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
13-17 сәуірде Грекияның Родос аралында өткен бұл турнирде әлемнің 49 елінен келген 433 спортшының басы қосылды.
Қазақстан спортшылары барлығы 14 жүлде — 10 алтын және 4 қола медаль жеңіп алды. Бұл дүниежүзілік аренадағы абсолютті жетістік және отандық шахмат тарихындағы жаңа белес.
Блицтен әлем чемпиондары болған ойыншыларымыз:
Алиша Бисалиева (G8, Астана)
Әміржан Әнетов (O10, Астана)
Елназ Қалиахмет (G16, Алматы облысы)
Ерғали Сүлеймен (O18, Астана)
Қола жүлдегерлер:
Сүлеймен Нұрақын (O12, Астана)
Жансая Шолпанбек (G12, Алматы облысы)
Даниял Сәпенов (O18, Карағанды облысы)
Осылайша, рапид пен блицте шахматшыларымыз жиынтығында 14 медаль – 10 алтын және 4 қола жүлдені қанжығасына байлады. Жасөспірімдеріміз жылдам шахматтан өткен әлем чемпионаттарынан бұрын-соңды мұндай көп алтын әкелген емес!
Жеңіс дублімен ерекше көзге түскендер:
Алиша Бисалиева (8 жаста)
Әміржан Әнетов (9 жаста)
Елназ Қалиахмет (14 жаста)
Ергали Сулеймен (16 жаста — 23 мамырда 17-ге толады)
8 жасар Алиша Бисалиева турнирде шахмат сүйер қауымды асқан шеберлігімен тәнті етті. Ол рапид пен блицте барлық 22 партияда жеңіске жетті. Бұл қайталауға болатын нәтиже, бірақ одан асып түсу мүмкін емес.
«Біздің жасөспірімдердің нәтижесі күткеннің бәрінен асып түсті – балалар шын мәнінде тамаша ойнады! Әрбір партия ұл-қыздарымыздың шеберлігінің, мінезінің және жеңіске жігерленген ерігінің айқын көрінісі болды. Біз турнир сайын әлемдік деңгейде биіктен көрінетін қазақстандық шахматшылардың жаңа легін мақтан тұтамыз. Қазақстан шахмат федерациясы жас дарын иелеріне қолдау көрсету мен дамытуға ерекше көңіл бөледі – олардың бүгінгі жеңістері жүйелі жұмыстың және жастарға сенімнің өз жемісін беретінінің жарқын дәлелі екені даусыз. Бізді осынау тамаша эмоцияға бөлеген, жүрегімізде мақтаныш сезімін тудырған, бүкіл елге тамаша мереке сыйлаған жас жұлдыздарымызға көп рақмет. Біз осындай жарқын жеңістер көбейе берсін деген тілекпен қажеттінің бәрін міндетті түрде жасай береміз» Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов
Қазақстандық жеткіншектердің бұл нәтижесі — кездейсоқтық емес, бұл жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Үш жыл қатарынан жылдам шахматтан әлем чемпионаттарына қатысып келе жатқан Қазақстан спортшылары өз позициясын тұрақты түрде нығайтуда:
2023 жылы — 2 алтын медаль
2024 жылы — 3 алтын медаль
2025 жылы — 10 алтын және 4 қола медаль, бұл тарихтағы үздік нәтиже
Турнирдің толық нәтижелері: https://chess-results.com/tnr1145451.aspx