Тоқаев Маңғыстаудағы 5,7 трлн теңгеге бағаланған инвестициялық жобалармен танысты

3201
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді. Құны 36 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 триллион теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -