20 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен 10 000 қатысушы қатысады. Бұл Алматыда өтетін сегізінші жартылай марафон.
Сөре — сағат 7:00-де, Тұңғыш Президент саябағында.
Қатысушылар үшін мынадай қашықтықтар қарастырылған:
- 21,1 км (жартылай марафон)
- 10 км
- 10 км (скандинавиялық жүріс)
- командалық эстафета
Назар аударыңыз! Жолдар жабылады.
20 сәуір күні сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін қалада жартылай марафон маршруты бойымен көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жабылатын учаскелер:
- 00:00-ден 11:00-ге дейін — Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы (Мұстафин → Науаи)
- 6:45-тен 09:30-ға дейін — Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы (Мұстафин → Назарбаев)
- 7:10-дан 08:30-ға дейін — Сейфуллин даңғылы (Әл-Фарабиден Абайға дейін)
- 8:30-дан 11:00-ге дейін — Абай даңғылының оңтүстік жағы (Саиннан Байтұрсыновқа дейін)
- 7:20-дан 09:00-ге дейін — Абай даңғылының оңтүстік жағы (Сейфуллиннен Байтұрсыновқа дейін)
- 08:20-дан 10:00-ге дейін — Саин көшесінің шығыс жағы (Әл-Фарабиден Абайға дейін)
Көшелердің қарсы бағыттағы жолақтары ашық болады.
Сөреге әл-Фараби мен Мұстафин қиылысына дейін қоғамдық көлікпен баруға кеңес береміз.
Тұңғыш Президент саябағы мен Орталық стадион маңындағы автотұрақтар жабық болады.